Ыстықты түсіретін дәрі мен антибиотиктер тегін таратылады

Ыстықты түсіретін дәрі мен антибиотиктер тегін таратылады

Қазақстанда өкпесі қабынып қайтыс болғандардың қатары көбейді. Ал осы дертке шалдығатындар саны маусымда төрт есе өскен. Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың деректері осындай. Тығырықтан шығу үшін Денсаулық сақтау министрлігі жақын күндері жаңадан шыққан ресейлік препаратты сатып алғалы жатыр. Коронавирусқа шалдығып ауруханаға түскендерді енді сонымен ендемек. Сондай-ақ, ыстықты түсіретін дәрілер мен антибиотиктерді үйді-үйге тегін таратпақшы.

 

Елімізде коронавирус таралуының қарқынын бәсеңдемей тұрғанда, екінші жағынан өкпе қабыну жағдайлары белең алды. Аталмыш науқасқа тап болғандар саны биыл 55 пайызға артты. Ал маусым айында төрт есе өсіп кеткен. Қайтыс болғандар да жетерлік.

 

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері:

 

- Егер былтыр мен биылғы бірінші жартыжылдықтағы өкпе қабынуынан көз жұмғандар санын салыстырсақ, статистика өзгере қоймаған. Былтыр алты айда 1780 адам қайтыс болса, биыл 1772 адам. Бірақ осы маусым айында тағы да өсіп, 628 адамға жетті.

 

Алматыны мысал ретінде келтіруге болады. Қалада жағдай ушыққан соң, виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы ашылған. Сонымен бірге науқастарға бақылау жүргізетін орталық жұмыс істей бастады. Осындай қауырт тіршілік қайнай бастағанын қала басшысы әлеуметтік желіге жазыпты.


Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

 

- Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны бес есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен.

 

Тығырықтан шығу үшін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа ұқсас сырқаттармен ауырып жатқандарды дәрі-дәрмекпен қамту жөнінде шешім қабылдаған. Министрлік әкімдіктерге қосымша дәрі-дәрмек сатып алу жөнінде тапсырма берген. Ал ол антибиотиктер мен ыстықты басатын дәрілер жұқпалы респераторлық вирустық инфекциямен және үйінде емделіп жатқандарға тегін таратылады.

Ал коронавируспен ауруханаға түскендер енді жаңа шыққан ресейлік препаратпен емделмек.

 

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

 

- Ресей «Авифавир» деген препараттың жақында клиникалық сынақтан сәтті өткенін жариялады. Біз өзге елдерде қолданылып жатқан ең үздік препараттар болса, біз соны қолданамыз. Ол препарат 29-маусымда коронавирустық инфекциядан емдеу хаттамасына қосылды. Оны сатып алып, науқастарды емдеуге қолданамыз.

 

Соңғы кездері ПТР-тестілеу өкпесі қабынған кей науқастарда коронавирустың жоқ екенін көрсетіп жатыр. Бас санитардың айтуынша, оған таң қалудың керегі жоқ. Себебі, коронавирустық инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарынан ішке қарай еніп кетеді де, ПТР тестілеу оны анықтай алмайды.

Сондықтан ондай науқастар да уақтылы ем алу үшін емдеу хаттамасына «КВИ болуы мүмкін» деген түсінік енгізіліп отыр. Яғни, ол науқастарда тест нәтижесі теріс болса да вирусқа қарсы ем қолданыла береді.

 

ktk.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста