Ұялы телефонның дірілі құрсаққа зиян екені дәлелденді
Ұялы телефондардың дірілі жатырдағы баланың ұйықтау және сергек болу кезеңдерін бұзады. Уайкофф Хайтс медициналық орталықтың мамандары осындай қорытындыға келді. Олардың зерттеуіне жүктіліктің соңғы айларында (27 мен 41 апта аралығында) жүрген 28 тағылымгер дәрігер қатысқан.
Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, жүкті болған дәрігерлердің денсаулығында түрлі ауытқушылықтар пайда болған.
Оның ішінде қан қысымының жоғарылауы, уақытынан бұрын босану және салмағы төмен нәрестелердің тууы. Дәрігерлер көп уақыт телефон мен пейджерді бойына жақын ұстап жүреді. Зерттеуге қатысқан дәрігерлер мобильдік құралдары құрсақтағы баланың басына жақын ұстаған. 5 әйелдің телефондары 5 минут сайын дірілдеп тұрған. Мамандардың болжамы бойынша, жүкті әйелдің осылайша телефонмен жүргені балаға өте зиян болуы мүмкін. Ультрадыбыстық зерттеу арқылы қарағанда балалар әрбір дыбыс пен дірілді естігенде мазасызданып, бастарын бұратын немесе ауыздарын ашып, көздерін қыпылықтататын болған. Байланыс құралдары 10 минут сайын қоңырау шалып тұрғанда балалар жоғарыда айтылғандай түрлі қозғалыс жасап, телефон вибрациясын жақтырмай жатқандарын көрсетті.