Түркістан облысында 11 адам қырым қанды безгегін жұқтырған
Түркістан облысында қырым қанды қызбасы безгегін жұқтырғандар саны 11 адамға жетті. Өңірде жыл басынан бері 1 126 адамды кене шағып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Соның ішінде 53 адам күдікті ретінде дәрігерлердің жіті бақылауына алынған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Санэпидемиологтардың дерегінше, биыл кене шағу жағдайы көбейген. Сондықтан 132 елдімекендегі санитарлық қорғау аймақтарында дәрілеу жұмыстары екінші қайтара жүргізілуде.
Барлау кезінде мамандар 40 мыңнан астам кене жинап, соның ішінде 65 сынамадан вирус анықталған.
Айта кетейік, жуырда Сауран ауданының 15 жастағы тұрғыны кенеден келетін кеселден көз жұмды.
Қырым қанды безгегін жұқтырғандар тиісті емін қабылдап жатыр.
БАҚТЫОРАЗ ЕЛЕМЕСОВ, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
– Екі-екі жағдайдан ол Сауран ауданы, Келес ауданы және Жетісай аудандарында тіркелді. Ал қалған бес аумақта бір-бір жағдайдан тіркеліп отыр. Шымкент қаласында бір науқасымыз қазір күдікті, ол -Түлкібас ауданынан. Ол сол жақта емделуде қазір.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz