Тісіңізді қалай тегін емдеуге болады?

Тісіңізді қалай тегін емдеуге болады?

2023 жылы Алматы қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы көрсетілетін стоматологиялық қызметтерге 3,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тағы бір айта кетерлігі, Қор 2023 жылдан бастап стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарт бекіте бастады.

"Бұрын стоматологиялық қызмет көрсету туралы келісімшарт емханалар арқылы жасалатын. Яғни, стоматологиялық клиникалар емханалармен субмердігерлік келісімшарт арқылы жұмыс істейтін және халыққа көрсетілген стоматологиялық қызмет санын емханалар қадағалайтын. Емхана жұмысының көптігінен бұл процесті бақылау қиындық тудырып келді. Салдарынан стоматологиялық клиникалар тарапынан көрсетілмеген қызметтерді "көрсетілді" деп жазу фактілері де кездесті. Сондықтан Қор осындай олқылықтардың алдын алып, қызмет көлемі мен сапасын бақылау мақсатында келісімшартты тікелей жасау туралы шешім қабылдады", - деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, стоматологиялық клиника көмегіне жүгіну үшін емханадан жолдама алудың қажеті жоқ. Алдымен Қормен жұмыс істейтін тіс клиникаларын нақтылап алу қажет. Олардың тізімімен МСҚ fms.kz ресми сайты арқылы танысуға болады. 2023 жылы Алматыда 70 медицина ұйымы стоматологиялық қызмет көрсетеді, олардың арасында емханалар мен жеке меншік клиникалар да бар.

Естеріңізге сала кетсек, шұғыл стоматологиялық көмек балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлер, мүгедектер, балалық шақтан мүгедек және 1-топ мүгедегін күтушілер, "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста