Тіс ауруының соңы бір көзін ойдыруға әкеліп соқты

Биылғы ақпан айында біз «Замана» газетінде алматылық Зәмира Жиемұратова жайлы мақала жаз­ған болатынбыз.

(«Ойда-жоқта асқынған ауру жас әйелді мүгедек етті», «Замана», №08 (914), 25.02.2017 ж.) Естеріңізге сала кетейік: 34 жастағы келіншек ауырған тісін емдетемін деп ауыр кеселге шалдыққан. Оған «Таңдай қуысының қатерлі ісігі» деген диагноз қойылыпты. Сөйтіп Зәмираның сол жақ көзі, таңдайы, жағы мен мұрын қуысы, кеңсірігі алынып тасталған.

Содан бергі сегіз айда Зәмира тек сұйық ас ішеді. Онда да сұйық ас таңдай орнына қойылған «мочалкаға» сіңіп қалып, ол мұрын қуысына қарай ағып, қатты әбіржітеді екен. Ондайда тұншығып, шашалып, қызуы көтеріліп, ауырып жатып қалады. Қатерлі ісігіне байланысты төртінші рет химиялық терапия алғандықтан өзі де өте әлсіз. Күш-қуа­тын арттырып, имму­нитетін көтеру үшін оған құнарлы тамақтанып, қымбат витаминдер қабылдау керек. Бірақ Зәмираға ас жеу де арман. Ал екінші топтағы мүгедектігі үшін айына алатын 37 мың 800 теңгесі қызы мен ұлының, отбасының шығындарына да жетпейтін оның тиянақты ем алуына мүмкіндігі болмай отыр. Үй шаруашылығының бар жауапкершілігі жалғыз өзінің мойнына артылған жолдасы Серік Жақа­йымовтың жұмыс істеуге мүмкіншілігі жоқ, оның Зәмираға күтім жасау мен ұл-қызына қамқорлық жасаудан қолы босамайды.

Бұл отбасының басына түскен тауқымет мұнымен шектелмейді. Зәмираның денсаулығын түзеу үшін үйі мен көлігін де сатып жіберген олар қазір жерлес­терінің ескі моншасының бір бөлмесін паналап отыр. Сыз басқан бөлменің құлағалы тұрған қабырғаларын күнара сылаудан шаршаған Серік түн ішінде қыш-кірпіштер үстімізге құлап кетер ме екен деп алаңдау­мен ұйқы көрмейді. Қысқасы, Алматы облысының Қарасай ауданында тұратын бұл отбасының жағдайы шынында да ауыр.

Кешегі аптада біз Алматыға арнайы барып, С.Жақайымов пен З.Жиемұратоваға жолықтық. «Зәмираға үш сатылы операция жасату керек. Ең бірінші, еркін сөйлеп, ас жей алуы үшін оған таңдай мен жақ салдыруды армандаймыз. Оны әзірлеп беретін институтта мүгедектерге жеңілдік қарас­тырылмаған екен. Сондықтан биодентопласттан жасалатын таңдайды – 150 мың, жақты 75 мың теңгеге сатып алуымыз керек. Одан кейін дұрыс тыныс алуы үшін кеңсірік салдыру қажет. Оның құны 350 – 800 мың теңге арасында екен. Операцияның үшінші сатысында жасанды мұрын қуысы салынады. Ол 600 мың теңге мен 1 миллион 500 мың теңге аралығында тұрады. Ең арзанын таңдағанның өзінде бізге 1 миллион 500 мың теңгеден астам қаржы керек», – деді бізге Серік.

Бір қуанарлығы, «Замана» көтерген бұл мәселе аяқсыз қалған жоқ. Қиындыққа тап болған қандастың жайы біздің газетімізде жарық көргеннен кейін Жақайымовтар жайлы «КТК» телеарнасы да арнайы бағдарлама ұйымдастырды. Оған біздің тілшіміз де шақырылды. «Наша правда» ток-шоуына сонымен қатар Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы Қайдарова Диляра Радикқызы, осы мекеменің әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің жетекшісі Хусаинова Ильмира Рамазанқызы, әлеуметтік жұмыс­тар жөніндегі маман Рыс­баева Ғалия Айтқасымова, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті стоматологиялық клиникасының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепов Асылбек Әбді­расылұлы қатысты.

Бағдарлама барысында белгілі болғанындай, онкологиялық ауруға қарсы ота жасалғаннан кейін науқас­қа онкопсихолог көмегі көрсетілуі тиіс екен. Ол науқастың ауыр дерт кезіндегі санасына түскен психологиялық қиындықты жеңуге жәрдемдеседі. Бірақ З.Жиемұратоваға мұн­дай жәрдем көрсетілме­ген. Одан да сұмдығы – таңда­йын алып тастағаннан кейін оған сол заматта дұрыс жұтыну үшін жасанды пластик салынуы тиіс екен. Бірақ, неге екені белгісіз, хирургтар оны ескерусіз қалдырған. Осындай қателік салдарынан Зәмира ас түгілі суды да дұрыс жұта алмайды. Таңдай орнындағы «мочалканы» екі сағат сайын Серік ауыстырып отырады екен. Дұрыс орналаспай қалса ол ашық қалған мұрын қуысын бітеп қалып, Зәмира тұншыға бастайды.

Бұл қателікті мамандар екі мекеме (онкологтар мен стоматологтар) арасындағы тығыз байланыстың жоқтығымен түсіндірді. Егер Зәмира қаржы жинай алса, жоғарыда аталған операциялар тегін жасалатын болды. Яғни бәрі де қаржыға келіп тіреліп тұр.

Тағы бір белгілі болғаны, таңдай қуысы алғаш ауруға ұшырап, жақ сүйек­тері сыздай бастағанда Зәмира жекеменшік Қытай медицинасы мамандарынан ем алыпты. Жекеменшік тіс емханасына қаралған. Осылай қа­терлі ісікті алғашқы сатысында анықтау мүмкін­дігін өткізіп алған. Мемле­кеттік медицина қызмет­керлеріне қаралғанда ауру әбден асқынып, жақ сүйек пен мұрын, одан соң көзге шауып үлгерген екен.

Өкінішке орай, атын айтудың өзі қорқыныш тудыратын аурумен арпалысып жүрген отбасының басына түскен қиындық бұл ғана емес. Құлағалы тұрған ескі моншаның қожайыны оны бұзып, орнына жаңа ғимарат салуды жоспарлап отырған көрінеді. Соған байланысты бұл отбасы жақын күндерде ескі моншаны босатуы тиіс.

Міне, бұл отбасының қазіргі жағдайы осындай болып тұр. Егер Серік Жақайымов пен Зәмира Жиемұратоваға қаржылай көмектесемін деушілер болса, қаражатты «Қазкоммерцбанктегі» 4177 7900 3044 6921 нөмірлі есеп-шотқа аударса болады.

Серік Жақайымовтың байланыс телефоны – 8-775-827-93-33 (киви-әмиян), 8-747-645-48-17.

Р. САҒАТҚЫЗЫ.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста