25 наурызда 2020 жылы Шымкент қаласында екінші коронавирус инфекциясының (COVID-19) жағдайы тіркелген.
1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.
Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттандырарлық. Коронавирус инфекциясының диагностикасымен мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде.
Қосымша ақпарат үшін:
Бүгін диагнозы расталған азаматша, кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализдер алынып, 25-наурыз күні оң нәтижесін берген.