Сүйекті темірдей етуге болады

Сүйекті темірдей етуге болады

Адамның қалыпты күйі үшін оның сүйегінің мығым болуы да маңызды. Сүйек әлсіз болса, адам әбіржіп, остеопорозға да ұрынуы мүмкін. Ендеше, сүйекті темірдей ету тәсілдерін есте ұстаңыз.

Сүйекте витаминдер мен минералдар жеткілікті болуы тиіс. Әсіресе кальций азаймасын, ал кальцийдің қажетті жеріне жетуі үшін  магний де жеткілікті болғаны абзал. Өйткені ағзада магнийді сақтау, оның резервтерін қолдану тетігі жоқ. Сондықтан онда магний азаймауын да қадағалаңыз, ол ағзаға ас арқылы түседі, ас мәзіріне мән беріңіз.

Сондай-ақ кальцийді сіңіруге ағзаға К витамині де аса қажет. Бірақ ол тым көп мөлшерде болмағаны абзал.

Сол сияқты, сау сүйек үшін Д витамині де керек. Бұл витамин жеткілікті болуы үшін күн көзін жиі пайдаланыңыз. Өйткені Д витамині аз болса, сүйек әлсірейді. Бірақ бұлай екен деп күнге шамадан тыс күйе берген де жақсы емес.

Қимыл-қозғалысты шектемеңіз, жиі жүріп-тұрыңыз. Дене жаттығуларымен, спортпен айналысыңыз, ол сүйек тығыздығын арттырады. Жүгіру, теннис, аэробика, би, «скакалкада» секіру, жүзу жақсы көмектеседі. Бірақ ол да шамадан тыс болмауы керек.

Тамақ рационыңызға атүсті қарамаңыз. Жеміс-жидектер (қара өрік, құлпынай, інжір, мейіз), жаңғақтар пайдалы. Аптасына бір мәрте болса да балық жеп тұрыңыз. Олар да сүйек тығыздығын арттырады.

Ал көкөністерден қызылша, пияз, қызанақ, цикорий, шпинат пайдалы. Әсіресе помидор сүйекті әлсірететін заттарды ыдырататын қасиетке ие. Қажетті К витаминін петрушка мен қалақайдан алуға болады. Соя, сұлы, миндаль да сүйек үшін өте жағымды. Ал тұзды аз қолдану қажет.

Сондай-ақ сүйекке темекі мен алкоголь аса зиянды екенін ұмытпаңыз. Олар сүйектің тығыздығын кемітеді.

Қысқасы, сүйегіңіздің мығым болуын қаласаңыз, оған қамқорлық жасаңыз. Оны нығайтатын шараларды үнемі жасап жүріңіз.

С. КЕРІМБАЙ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста