СҚО-да бүлдіршінге бағасы 35 млн теңге тұратын дәрі салынды
Петропавлдағы көпбейінді балалар ауруханасында алғаш рет СМA ауруына шалдыққан бүлдіршінге құны 35 млн тұратын «Спинраза» дәрісі салынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі "Рkzsk.info"-ға сілтеме жасап жазды.
СМА – жұлын бұлшықеттерінің атрофиясы, жұлын бұлшықетінің қимыл-қозғалысқа жауап беретін бөлігінің әлсіздігінен туындайтын, сирек кездесетін туабітті ауру.
Дәріні 1 жасар балаға Астанадан келген бала дәрігері, невропатолог Меруерт Маханова пен невролог Дархан Камадиев салды.
72 сағатта препараттың жағымсыз әсері байқалмады әрі баланың жағдайы бақылауда болды. Науқастың жағдайы тұрақты болғандықтан үйіне жіберілді. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауда болады. Невропатолог пен анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер үшін «Спинраза» дәрісін науқасқа салу процедурасына қатысу жаңа тәжірибе болып саналады, - деді дәрігерлер.