Шаш түсудің басты себептері

Шаш түсудің басты себептері

Адамның басынан күніне 100 тал шаштың түсіп тұруы қалыпты жағдай. Ал, егер одан көп түссе оның себептерін анықтап, шаш түсудің алдын алу қажет.

Шашыныздың арасына саусақтарыңызды салып жүргізіп көріңіз. Егер қолыңызда 2 тал шаштан артық шаш қалмаса бәрі жақсы. Ал, егер одан көп шашыңыз түссе, онда шаш түсудің себебін анықтап, дереу алдын алуға кірісіңіз. Бүгін біз сіздерге шаш түсудің негізгі алты себебін ұсынамыз.

1. Температура

Біз көбіне аязды күндері бас киімсіз жүреміз немесе жылы бөлмеде (метро, кинотеатр т.б) бас киім киіп отырамыз. Бұл дұрыс емес. Бас киімді де орынды кию қажет.

2. Күтімнің жасалмауы

- Дұрыс таңдалған тарақ бас терісіне жұмсақ массаж жасау арқылы қан айналымын дұрыстайды. Сондықтан күніне бірнеше минут (әсіресе ұйқы алдында) шашты әртүрлі бағытта тарап тұрған абзал.

- Мамандар шаш күтіміне арналған шампуньдер мен бальзамдарда жазылған «нығайтады» деген жазу құр сөз емес екендігін айтады. Шындығында да олардың құрамындағы түрлі қоспалар шаштың түсуін азайтып, тіпті тоқтатуға септігін тигізеді. Мысалы, женьшеннің қоспасы болса ол бастың өмірлік клеткаларына әсер ету арқылы шаштың қайратты болуына көмектеседі. Ал, қалақай, түймедақ, жалбыз қоспасы болса шаштың өсуіне әсер етеді.

3. Дұрыс тамақтанбау (диета)

Күнделікті ішіп-жейтін тағамдарда ақуыз бен темірдің көп болғаны дұрыс. Майсыз құс еті, сиыр еті, үрмебұршақ, сүзбе, көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек жеген дұрыс. Өйткені ағзадағы C, B5, B6, PP дәрумендері, темір, мырыш, кальций мен магний заттары аз болса шаш тез түсе бастайды.

4. Темекі шегу, ішімдік ішу

Шашыңыздың әдемі болғандығын, жалпы денсаулығыңыздың мықты болғандығын қаласаңыз темекі шегу, ішімдік ішу сынды зиянды әдеттерді тастаңыз.

5. Бауырдың дұрыс жұмыс істемеуі

Денсаулыққа байланысты кез-келген проблема бірінші кезекте шашқа әсер етеді. Мәселен, бауыр ауырса ең бірінші шаш пен тырнаққа белгі береді. Бауыр сау болуы үшін жаңғақ, зығыр майы, майсыз балық және табиғи сүзбе жеп тұру керек.

6. Күйзеліс

Аяқ асты салмақ тастау, операция алдындағы салынатын наркоз, эмоционалды уайымдардан соң 1-2 айдан кейін шаш түсе бастайды. Құрамында магниі бар бидай, асқабақ пістелері, ақжелкен, картоп сынды тағамдар күйзелістің алдын алып, шашты қайраттандырады.

baq.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста