"Қазмедприбор" қолғап шығаруда
Шетелдерден тасымалданатын арзанқол қолғаптарды алдағы уақытта қолданбауымыз мүмкін. Себебі Денсаулық сақтау саласында қолданатын латекс қолғаптарды Оңтүстік Қазақстанда шығарыла бастады, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Казмедпром мекемесі қолғап шығаратын зауытты салу үшін 400 млн теңгедей қаржы жұмсаған. Оның 30 пайыздайын Максимум аймақтық инвестициялық орталығынан алған. Бүгінде мұнда 70- ке жуық азамат жұмыспен қамтылды. Орташа жалақысы 50 мың теңге. Аталмыш зауыт - медицинада және ота жасау үшін қолданылатын қолғаптың 8 түрін шығарады. «Казмедпром» бүгінде жылына 15 млн дана қолғап шығара алады. Екінші желіні қосып, өндірілген өнімді 2 есеге дейін ұлғайту жоспарда бар. Еліміздің бірқатар аймақтарында кәсіпорынның өнімдері тұрақты жеткізіліп тұрады. Соңғы жылдары Ресей елінен де мекеме өнімдерін сатып алуға деген сұраныс жоғарылай түсуде. Себебі біздегі медициналық құрылғылардың бағасы шетелдік өнімдермен салыстырғанда 4 есе арзан әрі сапалы. Компанияда құны 12 мың еуро тұратын балалардың медициналық кереуетіне деген сұраныс көп.
Айта кетейік, жоба «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген болатын. Аталған зауытта елімізде тұңғыш рет ренген-апараттары, УДИ-апараттары, эндоскопиялық хирургия видеокомплексі, операциялық жарық шамдары мен үстелдері, емделушінің мониторы, фетальді мониторлар, ауа және бу стерилизаторлары, тағы басқа әлемдік стандарттарға сай медициналық құрал жабдықтарды шығарады. «Қазмедприбор» — Қазақстанда медициналық өнім шығаратын жалғыз мекеме.