26 наурызда сағат 01:10-дағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 32 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелген», делінген хабарламада.
Қазақстанда коронавирус инфекциясымен жалпы 81 науқас тіркелді.