Қалалық еркекке не істеу керек? (Еркек болып қалу үшін)

Қалалық еркекке не істеу керек? (Еркек болып қалу үшін)

Еркек адамның гормондары дұрыс бөліну үшін таза ауа және көбірек қимыл керек екен. Бұл – биолог ғалымдардың тұжырымы.


Ауыл мен қала еркегі
Ауыл адамы күндіз кеңсе жұмысын істесе де, кешке үйіне келіп малын қарайды, шөбін салып, астын тазалайды. Үйіне су әкеліп, маңайдың қарын күрейді. Таза ауаны жұтып жүріп, тер шығарады. Сөйтіп кешке келіншегінің пісіріп берген көжесін ұялмай ішеді. Ал қала адамы ше? Күндіз компьютер мен қағазға телміреді. Кешке автобусқа, я өз көлігіне мініп үйіне келеді де теледидарға үңіледі. Содан соң тойып тамақ ішіп алып, ұйықтайды. Тәбеті ашылып келмеген соң, ішкен асы бойына тарап жарытпайды.
Сондықтан да ақша жұмсамай немесе барынша үнемдей отырып денсаулықты күтудің амалын айтқымыз келеді.

Тегін екі тәсіл:
1. Жұмысқа не сабаққа барарда таңғы таза ауамен жаяу жүріңіз. Баратын жер тым алыс болса жартысын, ең болмаса бірнеше аялдамасын жаяу жүріп барып, қоғамдық көлікке мінуге болады. Көлігіңіз бар болса, аптасына бір-екі күн оны үйге қалдырып, ел қатарлы автобуспен, троллейбуспен, метромен қатынаңыз. Сол күндері біраз жаяу жүре аласыз. Әрі серуендейсіз, әрі қаладағы көлік тығыздығын азайтуға үлес қосасыз, сол арқылы экологияға да пайда тигізесіз.
2. Отжимания жасау (бұл сөзді әдейі орысша қолданып отырмыз). Отжимания – жағдай таңдамайтын, қосымша құрылғыны қажет етпейтін бірден-бір жаттығу. Әрі бұлшық еттердің барлығына дерлік әсер етеді. Шынықтырады, күш береді.
Пайдалы әрі қиындау екі тәсіл:
1. Бүгінгі заманда көптеген ер адам ауыратын, бұрынғы қазаққа жоламаған бір ауру бар. Простатит деп аталады. Сол простатиті түскірді болдырмаудың бірден бір амалы – атқа міну екен. Атқа мінгенде қуық асты безге массаж жасалады және аттың қызуы да оған пайдалы көрінеді. Сондықтан да апта бойы аз-аздан ақша жиып, ақы төлеп атқа мінуге болатын жерге барып тұрыңыз.
Айтпақшы, велосипед тебу де осы тұрғыдан алғанда пайдалы болмақ. Оны да жалға алуға болады. Ал сатып алсаңыз, оған төлеген ақшаны денсаулыққа инвестиция қылып құйдым деп есептей беріңіз, бұйыртса.
2. Денсаулық туралы сөз қозғалғанда, ең көп айталатын әдіс: жүгіру. Бұл терді шығарып, қанды айналдыру үшін таптырмайтын әдіс. Өкпеңіздің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізеді, жүрек жұмысына да пайдалы. Әрине, денеңіз жақсы қимылдаған соң, мидың да қызметі жақсарады.
Әр қиын, әрі оңай, ең бастысы пайдалы екі тәсіл:
1. Қашан да өзіне тартып тұратын, қызығы көп, бас тартсаң, дүние көшінен құр қалып қоятындай көрінетін дүние бар ғой? Иә, интернет. Сол интернетті азырақ қолдану. Нақтырақ айтқанда интернетке кететін уақытты азайту, сол арқылы уақытты да, күшті те үнемдеу.
2. Шаруа болған жағдайда ғана ұялы телефонмен сөйлесу. Жұмыста отырғанда қалтадан алып қою, үйде болған кезде шама келсе сөндіріп тастау.
Рахаттанып істейтін екі тәсіл:
1. Ер адамның тамағы мәселесі өз алдына бөлек әңгіме. Біз тек әр күннің дастарханына нүкте қоятын сусын туралы айтқымыз келеді. Ол – айран. Жатарда бір стақанын ішіп алыңыз. Сонда айранның құрамындағы бактериялар түні бойы асқорытуды жақсартып, онымен қоймай шек бойын тазартумен шұғылданады. Сіз алаңсыз демала бересіз.
2. Демалыстың ең бір жағымды түрі – ұйқы. Ұйқы ағзаны демалдырады, тың күш береді. Уақытымен, мөлшерімен ұйықтаған адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізе алады.
Ұйқы уақыты: қою қараңқылық түскеннен бастап таң қылаң бере бастаған шаққа дейін. Ең абзал ұйқы осы
Мөлшері: ғалымдардың айтуынша үлкен адам үшін 6-8 сағат жеткілікті.
Қысқасы, ертерек жатып, ертерек тұру керек!

Түйін: Еркек адамға әлді болған жарасады. Көбірек қимылдап, денсаулықты күтейік! Алланың аманатына қиянат жасамайық.

Инфографика автордыкі.
Жазған: ERLANULY
jaisan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста