Павлодарлық дәрігерлер екі рет жүрегі тоқтап қалған жүкті келіншекті аман алып қалды

Павлодарлық дәрігерлер екі рет жүрегі тоқтап қалған жүкті келіншекті аман алып қалды

Әйел адамның өмірі үшін Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасы қызметкерлері мен облыстық кардиологиялық орталық дәрігерлері күресті, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

 

37 жастағы жүкті әйелі Ақсу қаласының ауылдық аймағы Еңбек ауылында тұрады. Бірнеше күн бойы жөтел, қақырық, әлсіздік, кеуде қуысының ауыруы, мерзімді тахикардия мазалаған соң ауыл тұрғыны  халықтық емдеу әдістерімен емделген.

 

Тек демікпе пайда болған кезде ғана ауруханаға жүгінген. Сол жерде  қан қысымының төмендегені және  сатурация көрсеткішінде қауіп бар екені  анықталған.

 

Бұл туралы облыстық кардиологиялық орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Мұрат Райханов айтты.

 

 – Оны шұғыл түрде Павлодар қаласының №1 ауруханасының инфекциялық стационарына жеткізді, - деп хабарлады доктор. – Қабылдау сәтінен бастап жеті минуттан кейін жүрек қызметі тоқтап қалды, бірақ дәрігерлер бес минуттан кейін жүрек ырғағын қалпына келтіре алды.

 

Компьютерлік томография пневмония диагнозын растамады. Дегенмен жүректің ультрадыбыстық зерттеуі митральды қақпақшаның патологиясын, митральды қақпақшаның алдыңғы қақпағының үзілгенін, 3-4 дәрежелі митральды қақпақшаның жеткіліксіздігін көрсетті, бұл жедел тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігіне әкелді.

 

Дәрігерлер әйелді шұғыл түрде кардиологиялық орталыққа апаруды шешкен.

 

- Қысым 50-60, төмен сатурация, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, комаға түскен және өкпе ісінуі. Науқас  сондай жағдайда болды, – деді кардиоорталықтың анестезиология бөлімінің меңгерушісі, облыстың штаттан тыс бас анестезиологы Инна Гловацкая. – Ол өлім аузында жатты, науқасты осындай ауыр жағдайда тасымалдау қауіпті болды. Тасымалдау алдында ауыстыра бастаған кезде жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралардың 20-минутында  жүрегі  соға бастады, қысым мен сатурация біртіндеп жоғарылады. Біз сиренамен  кардиология орталығына бет алдық. Жолда хирургтар ескертілді. Жүкті әйел жолда өліп кетуі мүмкін деп ойлауға уақыт болмады. Бар ойым  - оны аман алып  қалу еді.

 

Мұрат Райхановтың айтуынша, техникалық тұрғыдан операция ауыр болмаған, бұл ауруханада мұндай операция көптен бері   жасалады. Пациенттің клиникалық өлім жағдайында  жатқаны және жүкті болуы жағдайды қиындатты.

 

– Біз әйелдің  қандай жағдайда әкелінетінін білдік, операциялық бөлмені тез арада дайындап,  келіп түскеннен кейін бірден жасанды қанайналымды қосу арқылы операцияны бастадық. Бұл оның өмірін сақтауға көмектесті, - деп кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі  еске алды. - Бірақ хирургиялық араласудан кейін де жасанды қан айналымынан шыққан кезде жүрек қызметі қалпына келмеді, реанимациялық шаралардың ұзаққа созылуына байланысты жүрек әлсіреп қалды.

 

Науқас экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратына қосылды. Мұндай жабдық тек кардио орталықта ғана бар, ол жүрек пен  өкпені қалпына келтіурге көмектеседі.

 

Павлодарлық дәрігерлер екі рет жүрек ұстамасынан кейін  әйел адамның миы тіршілікті тоқтатуы мүмкін деген қауіппен елордалық неврологтармен бірнеше консилиум өткізді.

 

Операциядан кейінгі сегізінші күні ғана науқас есін жинай бастады. Қазір ол өзіне келді, өздігінен дем алады,  сүйемелдеумен тұрып, палатада жүре алады.

 

-  Ол есін жинап, қалпына келе бастаған кезде  қандай күйде болғанымызды сөзбен айту мүмкін емес, – дейді облыстың бас штаттан тыс анестезиологы.

 

Дәрігерлер науқасты реанимациядан орталық бөліміне ауыстыруды жоспарлап отыр.

 

– Өкінішке орай, реанимациялық шаралар шаранаға  әсер етпей қоймады,  өздігінен түсік тастау болды, - деп толықтырды Мұрат Райханов. - Ананың жағдайы жақсы. Екі аурухананың дәрігерлерінің командалық жұмысы жақсы нәтиже берді, барлығы тез, сауатты, кәсіби жұмыс жасады.

 

О дүниеден оралған ауыл тұрғынының күйеуі бес ұлының фотосуреттерімен шағын  видео түсіріп, «Кімнің өмірін  құтқарғандарыңызды қараңыз!» деген әсерлі хабарлама жіберген.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста