Денсаулықты нығайтып, өмірді ұзарту үшін қандай ережелерді ұстану қажет? Бұл сауалға Ресей ғылым академиясының академигі, тамақтану, биотехнология және тағам қауіпсіздігі бойынша федералды зерттеу орталығының жетекшісі Виктор Тутельян Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Физикалық белсенділікті сақтай отырып, ұзағырақ өмір сүруге мүмкіндік беретін маңызды факторлардың бірі - дұрыс тамақтану. Өмір сүру ұзақтығын созу үшін тамақтану туралы ғылымның кемі екі заңын ұстану қажет, дейді маман.
Біріншіден, рацион калорийі жаратылатын энергияға сай болуы керек. Тағамның энергетикалық құндылығы шамадан асып кетсе, ол бірқатар ауру түрлеріне апаруы мүмкін. Ал ол жеткіліксіз болса, ағза әлсіреп, тозуға дейін барады.
"Жұмсаған энергия көлемін астан қайта алу маңызды. Ұзақ өмір сүріп, физикалық тұрғыдан белсенді болу үшін осы заңды сақтау керек. Ал энергияны азырақ алатын болсаңыз, арықтап, тозып кетесіз. Ал көбірек алсаңыз - салмақ қосып, бірқатар дерттерге шалдығасыз. Бірінші кезекте жүрек-қан тамырлары ауруларына", - деді Тутельян.
Екіншіден, рационның құамында ағзаға қажетті 200-ге жуық химиялық қосындылар болуы керек.
"Олардың ішінде 30-40 қосындыны ештеңемен алмастыра алмайсыз. Олар бар болса - саусыз, жоқ болса - аурусыз", - дейді Виктор Тутельян.
Айтуынша, адам міндетті түрде ағуызды тұтынуы кеек. Сондай-ақ, ағзаны дәрумендермен, микроэлементтермен, аминқышқылдарымен толықтырып отыру қажет. Жас ұлғайған сайын, адам жеңіл сіңірілетін тағамдарға қарай бет бұрғаны абзал, дейді академик. Алайда соған қарамастан, рацион толыққанды болуы тиіс.