МӘМС: Стоматологиялық қызмет көрсетуге өзгеріс енгізілді

МӘМС: Стоматологиялық қызмет көрсетуге өзгеріс енгізілді

 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық қызмет көрсету үшін стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарттар жасай бастады. Бұрын шарт емханалар арқылы жасалып келген еді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қорға сілтеме жасап жазды.

Астана қаласы бойынша Қормен келісімшартқа отырған 58 медицина ұйымы стоматологиялық көмек көрсетеді, оның 15-і – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар.

 

Биыл МӘМС есебінен стоматологиялық қызмет көрсетуде не өзгерді?

 

Стоматологиялық көмек көрсету процесінде еш өзгеріс жоқ, пациенттер бұрынғыдай медициналық көмек алады. Тек келісімшартқа отыру әдісі яғни шарт жасасу жағы өзгерді. Бұған дейін стоматологиялық клиникалар өзара шартқа отыру арқылы қосалқы мердігер ретінде медициналық қызмет көрсетсе, 1 қаңтардан бастап Қор көрсетілген қызметтер көлемін бақылап, сапасына мониторинг жасау үшін тікелей осы клиникалармен шартқа отырды. Демек енді стоматологиялық клиникалар өздерінің қанша қызмет көрсеткенін және Қормен келісімшарт бойынша қанша қызмет көрсететінін өз бетінше қадағалап отыру керек. Бұрын бұнымен артылған жүктемеге қарамастан пациенттің тіркелген емханасы айналысып келді. Салдарынан пациент алмаған медициналық қызметті алды деп жазатын жағдайлар кездеседі. Қор сарапшылары бұны мониторинг жасаған кезде медициналық құжаттардан анықтады.

 

Қазіргі уақытта стоматологиялық көмекті кімдер ала алады?

 

МӘМС жүйесіндегі немесе ТМККК шеңберіндегі стоматологиялық қызметтер барлығына емес, халықтың жекелеген әлеуметтік осал санаттарына ғана қолжетімді. Мысалы, жоспарлы стоматологиялық көмекті тек балалар мен жүкті әйелдер ғана ала алады. Қатты ауырсыну кезінде азаматтардың 10 санаты, оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және оларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, оның ішінде мүгедектігі бар немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар, әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы аурулары бар пациенттер, көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және басқалар шұғыл көмек ала алады.

 

Стоматологиялық қызметтерді алу кезінде белгілі бір медициналық ұйымға тіркеуде болуы маңызды ма және стоматологиялық клиникалар «өз» емханаларына тіркелуді талап ете ала ма?

 

Жоқ, талап ете алмайды. Қазір біз әлеуметтік желілерде стоматологиялық клиникалардың хабарламаларын көріп отырмыз. Олардың айтуынша, Қор қаржыландыруды қысқартып, қызметтер шектеулі мөлшерде немесе стоматологиялық клиникада тек белгілі бір емханаға тіркелген азаматтардың санатына ғана көрсетілетін болады. Әйтпесе ақылы негізде көмек алу ұсынылады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айту керек.

 

Бізге осы мәселе бойынша көптеген шағымдар түсті. Қор оларды қарап, пациенттердің құқығын қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

 

Стоматологиялық қызмет көрсету үшін емханадан жолдама алу керек пе?

 

Емханадан жолдама керек емес. Ең бастысы, пациент МӘМС немесе ТМККК аясында стоматологиялық көмек көрсетілетін санаттардың біріне жатуы және медициналық көрсеткіштері болуы тиіс.

 

МӘМС есебінен стоматологиялық көмек алу үшін сақтандыру мәртебесі қажет пе?

 

Мұнда да басқа медициналық қызметтердегідей қағидатпен жұмыс істейді. Егер медициналық қызмет МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер тізіміне кірсе, мысалы, жоспарлы медициналық көмек алу үшін, сақтандыру мәртебесі міндетті түрде керек. Егер қызмет ТМККК тізімінде болса, мысалы, қатты ауырсыну болса, онда мәртебе қажет емес және медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Пациенттер барлық медициналық қызмет түрлерін тек медициналық көрсеткіштер бойынша ғана ала алады.

 

Жоспарлы стоматологиялық көмек алушылар – балалар мен жүкті әйелдер. Балалар – мемлекет жарна төлейтін азаматтардың бірінші жеңілдік санаты. Сонымен бірге жұмыс істемейтін жүкті әйелдер де жеңілдік санатына кіреді.

 

МӘМС есебінен қандай стоматологиялық қызметтер көрсетіледі?

 

Негізі көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесі ауқымды. Кәсіби тілмен айтқанда, стоматологиялық клиникалар амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық қызметтер мен манипуляциялар ұсынады. Мұнда пломбалау, тісті жұлу және жансыздандыру қызметтерін алуға болады.

 

Сондай-ақ МӘМС жүйесінде жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға амбулаториялық деңгейде ортодонтиялық пластина орнатылады.

 

Стоматологиялық клиниканы өзі таңдауға бола ма?

 

Иә, болады. Тек алдымен, ол клиника Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі ме, соны тізімнен анықтап алған жөн. Жеткізушілердің тізімін fms.kz ресми сайтынан көруге болады немесе клиниканың өзінен сұрау керек.

 

Қазір емханаларда стоматологиялық көмек қарастырылған ба, оған кімдер жүгіне алады?

 

Тиісті жабдықтары мен мамандары бар емханаларда стоматологиялық көмек алуға болады. Мұнда тек осы емханаға тіркелген азаматтар ғана емес, басқа жерде тіркелген азаматтар да көмек ала алады. Ол үшін тіркеу бөлімі арқылы қабылдауға жазылу керек.

 

Егер пациентке МӘМС есебінен стоматологиялық қызмет көрсетуден бас тартса немесе толық көлемде медициналық көмек көрсетілмесе не істеу керек?

 

Бұл жағдайда осы клиниканың пациенттерді қолдау қызметіне хабарласу керек немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, немесе 1406 нөмірі арқылы Медициналық сақтандыру қорына хабарласу керек.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста