Маман қартаюдың алдын алатын өнімдерді атады
![Маман қартаюдың алдын алатын өнімдерді атады](/image/stub.png)
Дәрігер-терапевт, Ресейдегі xfit фитнес-тестілеу саласының маманы Екатерина Ладыгина қандай өнімдер жастықты сақтап қалуға көмектесетінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Маман полипренол мен биофлавоноид деген бірегей табиғи биорегуляторлары бар кейбір жидектер мен жемістер ағзаға оң әсер ететінін атап өтті. Бұл көкжидек, қара және қызыл қарақат, киви, мүкжидек және шиенің құрамында кездеседі.
Ладыгина жоғарыда аталған өнімдер репаративті-регенерациялық процестерді белсендіретінін, нәтижесінде органдардың құрылымы мен функциялары қалпына келетінін түсіндірді.
"Мүкжидек пен қарақат сияқты жидектер есте сақтау мен когнитивті функцияны жақсартады, антидепрессант болады және жастықты ұзартуға көмектеседі", — деді дәрігер.
Оның айтуынша, стресс және техногендік факторлар мембраналардың зақымдалуына әкеледі, нәтижесінде жасушалардың, тіндердің және мүшелердің функционалдығы бұзылып, әртүрлі аурулардың пайда болуын тудырады және қартаю процесін жеделдетеді. Полипренолдар мен биофлавоноидтар жасушаның иммундық күйін сақтайды.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)