Күніне үш кесе қара шай ішу сусамыр ауруынан қорғайды

Күніне үш кесе қара шай ішу сусамыр ауруынан қорғайды

Жапон және америка ғалымдары жүргізген екі зерттеудің нәтижесінде қара шайдың адам ағзасында қант деңгейін азайтатыны анықталды, - деп хабарлайды Daily Mail. Мамандар сусынның өзін емес, қара шайдың экстрактын зерттеген.

Америка тарапынан зерттеуді Фрэмингэм университетінің өкілі Лиза Стригель жүргізді. Ол қайнаған шайдан антиоксиданттардың көп мөлшерін бөліп шығарды. Олар адам көмірсулары бар тамақ жегеннен кейін ағзада қантты арттыратын энзимдерді тұсаулай алған. Ал Хоккайдо фармацевтика университеті жанындағы Фармацевтика мектебінің ғалымдары болса, қара шай жапырағы ұнтақты экстрактын мұздатқан, алынған зат та энзимдердің әрекетін тыя алатын болып шықты.

Ең бастысы, қара шайға қосылған сүт те оның құрамындағы заттардың осы қызметіне кедергі келтірмейді екен. Сүт қосылған шай да ағзада глюкозаның көбеюін тежей алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл, әсіресе, сусамырдың 2 типті түрімен ауыратындарға аса пайдалы. Айта кетейік, бұған дейін 300 мыңға жуық адам қатысқан зерттеудің нәтижесінде күніне 3-4 кесе шай ішудің 2 типті сусамыр қаупін 25 пайызға азайтыны анықталған болатын.

Шай құрамындағы заттардың сусамыр кеселіне қарсы әсері мынада екен: магний мен антиоксиданттар қайнаған шай құрамында өте белсенді болады. Антиоксиданттар қабынуды реттеп, тромбтардың түзілу деңгейін төмендетеді, қан тамырларынң жұмысын жақсартады, қанайналымы жолдарының бөгелуін болдырмайды. Енді мұның қатарына қандағы қант шамасын реттеу мүмкіндігі қосылып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның әлемдегі шайды ең көп ішетін 10 елдің қатарына енгені хабарланған болатын. Шайды тұтынудың орташа мөлшері Қазақстанда адам басына шаққанда 1,54 келіге тең. Әлемде шайды ең көп ішетін ел Түркия болып шықты. Шайды тұтынудың бұл елдегі орташа мөлшері жан басына шаққанда 6,87 келі болды.

Тengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста