Көктеммен бірге кене келді

Жалпы кенелердің 20 мыңнан астам түрлері бар, оның ішінде адамға аса жұқпалы ауруларды таратушы иксодты кене. Өйткені, оның қорегі қан болғандықтан жылы қанды организімдерге 5-7см/с жылдамдықпен шабуыл жасайды. Адам ағза температурасын 100 м қашықтықта сезеді, сілекейімен жергілікті жерді жансыздандыру арқылы қанның ұюын тоқтатып, тәулігіне 200 мг қанмен 5-8 күн қоректенеді. Айта кетерлік жайт, қорексіз бірнеше жыл өмір сүре алады. Кенелердің қонысы - жануарлар қора-жайларындағы қуысты жерлер мен қи қоқыстар, жануарлар мекендейтін шөлейтті жерлер, кеміргіш індері, ағаштардың, өсімдіктердің түбі, құс ұялары. Кене қоршаған ортада +10°С төмен +45°С жоғарғы ауа температурасында дамуын тоқтатады. Кене 5-7 күннен бірнеше айға дейін 5-18 мың аралығында жұмыртқалайды, аналықтары жұмыртқалағаннан кейін өледі.

Кенелер өз денесінде аса қауіпті жұқпалы аурулар вирустарын 25 ай бойы сақтайды. Сондықтан қазіргі таңда кенеден келетін зардап аз болмауда және әр түрлі індет қоршаған ортаға таралуда. Солардың бірі - Конго қырым геморрагиялық қызбасы, бұл індеттің белсенді табиғи ошағы еліміздің Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары аумағында кең таралған. Республика көлемінде облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментерінің мамандары 2014 жылы аурудың эпизоотиялық ахуалын зерттеу мақсатында 150091 кене жинап, оның 5031-нен індеттің вирусы анықталды (2013 ж.-128503 кене, 3867-інен вирус анықталды). Жиналған кенелердің ішінде аурудың негізгі таратушысы - D. daghestanicus-50,4%, H. a. asiaticum-27,6%, ал басқа түрлері - 22,0% құрайды.
Сонымен қатар, кене риккетсиозы індетінің белсенді табиғи ошағы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында орналасқан болса, туляремияның белсенді табиғи ошағы - Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында кең таралған.
Кенеден құтылу жолы бар ма? – Я бар, ол үшін бірінші кезекте кене ашық теріге жабысатын болғандықтан, жергілікті тұрғындар ең алдымен жеке бас қауіпсіздігін сақтану қажет. Ауылшаруашылық жануарларға, олардың қора жайларына және далалық жерлерге барған уақытта кенеден қорғану үшін етек жеңі ұзын, жабық киімдерді кию қажет.
Екіншіден, ұсақ ауылшаруашылық жануарларды иелері қырықтықтан өткізіп, кенеге қарсы көктем-жаз, жаз-күз айларында тоғанға (купка) шомылдыру, ірі мүйізді малдарды бүрку арқылы кенеден тазарту және үй иелері аулаларын, қораларын қи-қоқыстан тазартып, содан кейін аталған жерлерді кенеге қарсы дәрілеу.

Үсенов Өмірбек
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының зоологі

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста