"Кеңес кезіндегі стандарт ескірген". Баланы қалай тамақтандырып, қандай дәрумен берген дұрыс?

"Кеңес кезіндегі стандарт ескірген". Баланы қалай тамақтандырып, қандай дәрумен берген дұрыс?

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бала қауіпсіздігі және отбасылық даму бойынша сарапшы Динара Құсаин ана сүтінің жаңадан туған нәресте үшін маңызы, алғашқы қосымша тамақтың ерекшелігі және дәрумендерді дұрыс пайдалану туралы түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - "Қазақтелеком" АҚ. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы.

ЮНИСЕФ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының соңғы зерттеу жұмыстары бойынша, Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына қарамастан, 0-6 ай жас аралығындағы нәрестелердің тек 38 пайызы ана сүтін емеді. Бес жасқа дейінгі әрбір оныншы балада артық салмақ немесе семіздік анықталған. Осы категориядағы 6-9 жас аралығындағы артық салмағы бар балалардың саны екі еселенеді. Яғни 6-9 жас аралығындағы балалардың 20 пайызы артық салмақтан азап шегеді.

"Диабеттің екінші түрі анықталған балалар көп. Диабет жасы кіші балаларда да жиі анықталатын болған. Сондай-ақ басқа да артық салмақпен байланысты созылмалы аурулар да бар", - дейді Динара Құсаин.

Маман кеңес үкіметі кезіндегі стандарттар қазір неліктен белсенділігін жоғалтқанын түсіндірді.

"Балалар мекемесіндегі технологиялық карталар Тамақтану академиясының ұсынысы бойынша, СЭС мекемелері әр аудан бойынша бекітіледі. Тамақтану бұрынғы калориялық есеп бойынша әзірленген. Стандарт. Балаға күніне осынша калорий, ақуыз, май мен көмірсу деген секілді. Ол дұрыс, бірақ мәселе бала үйге келгенде оның рационы мүлде өзгеретіндігінде. Нәтижесінде балада бір заттар артығымен болса, енді бірі керісінше жетіспейді", - дейді сарапшы.

"Альберт Бандураның "Әлеуметтік оқыту теориясы" атты танымал теориясы бар. Бала өзін қоршаған адамдарға, отбасына қарап мінез-құлқын модельдейді. Яғни бала мінез-құлық моделін көшіреді", - дейді маман.

 

 

 

 

Баланы емізудің маңызы туралы

ДДҰ ұсынысы бойынша, баланы туғаннан кейін 6 айға дейін тек анасы емізгені дұрыс екені нақты айтылған, яғни ол арнайы медициналық көрсеткіш болмаса, тек анасының сүтін ішуі керек.

"Біз қалыпты, сау туған бала туралы айтып отырмыз. Бұл алты айға дейін балаға қосымша тамақ, қоспалар, сүт алмастырғыш және тағы басқасын беру ұсынылмайды деген сөз", - дейді спикер.

Зерттеу нәтижелері бойынша, ана сүтінің құрамы әр кезеңде, әр тәулікте, баланың жағдайына қарай өзгеріп тұратыны анықталған. Мысалы балада ЖРВИ анықталса, сүттің құрамы ол инфекциямен күресуі үшін өзгереді.

"Бала жаңадан туған кезде, алғашқы тәулікте таңғаларлық реакция болады. Аналарда алдымен уыз бөлінеді. Оның сүттен біраз айырмашылығы бар, кішкене қоюлау болып келеді. Жаңадан туған сәбидің асқазаны кішкентай болғандықтан уыздың көлемі баланың асқазанының көлемімен бірдей болады", - дейді Динара Құсаин.

Уыздың көлемі кішірек болуының тағы бір себебі - жаңадан туған сәбидің бауыры әлі қажет деңгейде жұмыс істемейді.

"Оны табиғаттың өзі қарастырған. Сүт бірнеше тәуліктен кейін ғана бөліне бастайды. Ана сүтінде иммундық фактор - бала анасынан алатын алғашқы иммунитет қалыптасады", - дейді спикер.

Одан бөлек, бала туу жасындағы қазақстандық әйелдердің тең жартысы темір тапшылығы анемиясымен ауырады.

 

Алғашқы тамақтандыру. Не істеуге болмайды?

Бала 6-12 айлық болған кезде жаңа кезең - қосымша тамақтандыру басталады.

"Балаға беретін қосымша тамаққа, консистенциясына қатысты арнайы ереже бар. Әр ай сайын консистенция қоюлана бастайды. Егер 7 айлық кезінде қосымша тамақ кішкентай дән түрінде болса, 8 айлық кезінде қоюлана бастайды. 9 айлығында балаға кішірек бөліктерді бере бастауға болады", - дейді сарапшы.

Тағамның келесі түрін балаларға бермеген дұрыс:

  • 9 айға дейін сүтті тұтас беруге, қышқыл сүт өнімдерін беруге болмайды. Оның консистенциясы бірге бір деңгейде сұйылту керек;
  • Екі жасқа дейін бал бермеу керек;
  • Бала үш жасқа толғанға дейін тамағына қант және тұз қосып беру ұсынылмайды.

 

Дәрумендерді қалай дұрыс қолдану керек?

"Оның сыры неде? Өнімдерді жақсы сіңіру үшін оларды дұрыс пайдалану керек", - дейді Динара Құсаин.

Басты үш элемент бар: кальций, темір, цинкті бөлек қолданған дұрыс:

"Етті сүт өнімдерімен араластырмаймыз. Цинк жаңғақта, асқабақтың дәнінде болады. Ет пен сүт өнімдерінен бөлек қолданамыз. Темір А және С дәрумендерімен жақсы қорытылады", - дейді маман.

Одан бөлек, продәрумен болып саналатын D дәруменінің жинақтау әсері бар.

"Сондықтан біз қыста не суық кезде жақсы жүру үшін жазда күннің астында жүрген дұрыс екенін жиі айтамыз. D дәрумені майлармен жақсы сіңіріледі, сондықтан сары майды жиі қолданған да маңызды. Егер дәрумен сатып алған кезде назар аударсаңыз, кальций D дәруменімен қатар жүреді", - дейді маман.

Оның айтуынша, сары майды жиі қолдану керек, себебі ол балаларға пайдалы.

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.

Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста