Келесі жылы Қазақстанда халал дәрілер пайда болады

Келесі жылы Қазақстанда халал дәрілер пайда болады

Жақын арада қазақстандық фармацевтикалық нарыққа араб мемлекетіндегі халал препараттарды өндіруші компания кіруі мүмкін. Иорданиялық фармкомпания бір жылдың ішінде елімізге халал дәрілік препараттарды жеткізуді оң жолға қойып, Қазақстанда филиал ашуды көздеп отыр. «Kazakhstan International Halal Expo-2014» IV халықаралық көрмесіне қатысушы, 1994 жылдан жұмыс істеп келе жатқан компания өкілі, компанияның экспорт бойынша менеджері Ахмед Жабер хабарлағандай, оның еліндегі фарминдустрия нарығында барлық препараттар халал. Олардың қарапайым дәрілерден ерекшелігі - құрамында шошқа майы мен алкогольдің жоқтығы. Иорданияда халал дәрілер шығаратын өзге елдерде сияқты фармнарық қатаң бақыланады. Сапасын растайтын тиісті сертификат болмаған жағдайда препарат сатылмайды. «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қауымдастығының төрағасы Серік Сұлтанов айтқандай, отандық дәріханаларда әзірге халал препараттар сатылмайды. Егер елдің фармнарығында тағы бір компания пайда болған жағдайда, осы саланы реттейтін заңнамаға толықтырулар енгізу қажет. Мұнда да мәселелер пайда болуы мүмкін. Еске сала кетейік, республикада ресми түрде халалдың шұжық өнімі мен қонақ үй қызметінің стандарты қабылданды. Қалғандары: халал конфеттер, халал су және ТҚКО бұл бизнесмендердің ойлап тапқаны.
24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста