Елордалық дәрігерлер ерекше ота жасап, жүкті әйелдің миындағы ісікті алып тастады

Елордалық дәрігерлер ерекше ота жасап, жүкті әйелдің миындағы ісікті алып тастады

Елордада шұғыл түрде ота жасалып, жүкті әйелдің миындағы ісік алынды. Аталған ота пациентке тегін, яғни МӘМС жүйесінде квота бойынша жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ, әйел жүктілігін жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімдейді.

Бір ай бұрын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өз денсаулығының нашарлай бастағанын байқайды, жүрісі тәлтіректеп, көру қабілетінің күрт төмендеуі, қатты бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы және жалпы әлсіздік пайда болады.

Бір апта бұрын жүкті әйелдің жағдайы күрт нашарлады. Жүкті әйел №2 Көпбейінді қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Мұнда оның бас миына МРТ жасалды. Тексеру кезінде 32 жастағы жүкті әйелде ми ісігі анықталды. 

Одан кейін науқас Ұлттық нейрохирургия орталығына, Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері емдеу тактикасын анықтап, ана мен бала үшін барлық ықтимал қауіптерді талқылау үшін тез арада  консилиум жинады. Ауруханаға жатқызған кезде әйелдің жүктілік мерзімі 26 аптадан жаңа асқан еді. Диагнозы - «Клиникалық декомпенсация, ішкі окклюзиялық гидроцефалия кезеңіндегі ми қысымымен сол жақтағы көпір-мишық бұрышының ісігі». 

Біз науқасқа шұғыл операция жасадық, Арендт бойынша сол жақтамалық жабық сыртқы түсіру дренажы, содан кейін нейромониторингті қолдана отырып, көпір-мишық бұрышының ісігін микрохирургиялық жолмен алып тастадық. Көлемі 5*5,5 см болатын үлкен ісік миды қысып, нәтижесінде әйелдің көру қабілеті нашарлай бастаған, тәлтіректеп жүру  және басқа да бұзылулар пайда болған. Операцияның қиындығы ісік ми бағанасында орналасқан, мұндай жағдайларда мидың өмірлік маңызды бөліктеріне зақым келтірмеу өте маңызды, - деп бөлісті нейрохирург дәрігер Мұратбек Тілеубергенов.
Шұғыл операцияда құрамында тәжірибелі анестезиолог, нейрофизиолог, трансфузиолог дәрігерлер болған дәрігерлердің мультидисциплинарлық командасы жұмыс істеді, олар операция бойы бақылау жүргізді. Сондай-ақ операция шарананың жай-күйі мен оның жүрек соғысын функционалдық бағалауды тұрақты жүргізу мақсатында шаранаға КТГ бақылауы жүргізілді. Бұған Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандары үлкен көмек көрсетті. 

Маған осындай күрделі ота жасаған дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Олардың бәрі мен үшін алаңдады, менің және баламның өмірін құтқаруда үлкен алаңдаушылық сезімі болды. Мен Нейрохирургия орталығы орналасқан елордада тұратыныма қуанамын, операция өте тез, шұғыл өткізілді. Енді тез қалпыма келемін деп үміттенемін, Құдайға шүкір, көру қабілетім қалпына келе бастады. Аздап жүре бастадым. Операция жасаған және менің өмірім мен баламды құтқаруға қатысқандардың барлығына үлкен алғысымды білдіремін! - деп,  бөлісті науқас. 
Операция шамамен 5 сағатқа созылды және сәтті аяқталды. Бұл операция пациентке тегін, яғни МӘМС шеңберіндегі квота бойынша жүргізілді. Күрделі операцияны Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиев, нейрохирург дәрігер Мұратбек Тілеубергенов, анестезиолог дәрігер Оразғали Құрманбаев, нейрофизиолог дәрігер Сәуле Өтеуова және АБҰҒО Акушерство бөлімшесінің меңгерушісі Берік Прімбетов жасады. 

Операциядан кейін науқастың жағдайы қанағаттанарлық, өзін жақсы сезінеді, палатаға ауыстырылды.

Дәрігерлер атап өткендей, қазір ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ, әйел жүктілігін жалғастыруда. 

BAQ.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста