Елімізде хиджама жасайтындарға лицензия берілмейді
Алайда соңғы уақытта ауруды қан шығару тәсілі арқылы емдейтіндер көбейген.
Мамандар бұл тәсілдің денсаулыққа кері әсері болуы мүмкін,- дейді. Себебі қан шығаруға мүлдем болмайтын жағдайлар болады. Дәрігерлер, бұл процедураны қадағалап, заңмен реттеу қажет деп отыр. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнежазба көптің үрейін туғызды. Жаңа туған нәрестенің маңдайын тіліп, қан шығарып жатқан емшінің әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді. Онда нәрестеге хиджама жасап жатқанын көруге болады.
Ал кәсіби медицина мамандары бұл процедураның медициналық қызмет түріне жатпайтынын айтады. Дәстүрлі медицинаға дәл осы шертпе емі кірмеген. Тіпті, қазір курс оқып, сертификат алғандар мұны кәсіпке айналдырды деп дабыл қақты.
Жасан Зекейұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор: - Хиджаманы біз 2 жылдан бері ғана естіп жатырмыз. Ол қазақ тарихында жоқ. Хиджаманы қайдан үйрендің десе айтады бәленбай дәрігер ашқан курсқа бардым 10 күн үйретті міне сертификат. Бұл жасаған қан, ол сол донор қан тапсыратын адамдардың жұмысын атқарып отыр, далаға төгіп отыр. Бір тамшы қанның сұрауы бар. Іс жүзінде оны да ақшаның көзіне айналдырды, одан қанша адамдардың көзі көрмей қалады, қанша адам минингит болады, мүмкін уақытша давление тускен болар, нервты кесіп тастаса уақытша шаншу тоқтайды. Ал іс жүзінде қандай зардап болады халық қайдан біледі?
Хижама дәстүрлі медицинаға жатпайтындықтан бұл процедура заңнамада жоқ. Сәйкесінше, лицензия да берілмейді. Ал хижама жасайтындар аурудан 100% айықтырамыз деп уәде бере алмайтынын айтады.
Қарлығаш Байкенова, хиджама жасаушы: - Болмайды кімде гимафилия ауруы, бұл қанның сұйықтығы, общий анализ крови алу керек, диабет болмау керек, температура болмау керек, өйткені температура болған кезде бастан алмаймыз, денеден ала береміз температура болғанда бастан алуға болмайды өйткені инфекция басқа көтерілмейтіндей. Бірақ, айтып қояйын, барлығына бере қоймайды , біреуіне ем болып жатады, біреуіне ем болмайды. Сондықтан, біз алдын ала адамдар келіп жатқанда, біз 100% бұл саған көмектеседі деп айтпаймыз.
Бұл ғана емес, халық емі деп омыртқаны балғамен ұрып емдейтіндер шыққан. Арнайы мамандар оның да зардабы барын айтады.
Юрий Пак, мануалды терапевт: - Манулдық терапияда дұрыс диагноз қою үшін арнайы әдістер бар. Алақанмен сипау сияқты техникалар бар. Қолмен соққылау әдісі бүйрек аймағында өте мұқият жасалуы керек. Себебі, ішкі ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Алайда балғамен ұру дегенді мен құптамаймын. Бүгінде тіпті онлайн оқып, сертификатым бар деп жұмыс істеп жүргендер бар. Дәрігер емес, мұндай мамандарға қалай сенуге болады?
Ал нәрестеге хиджама жасағандар заң бойынша жауап береді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды арнайы бақылауға алды. Әрі хиджама орталықтарының да жұмысы тексеріледі.