Дәрігерлер жас жұбайларға арналған титан сақиналар қауіпті екенін айтуда
Соңғы кезде жас жұбайлар арасында титан сақиналарды тағу сәнге айналып барады. Бірақ өте мықты металдан құйылған бұл сақиналар дәрігерлер үшін бас ауруға айналды.
Себебі күміс немесе алтыннан құйылған сақина шешілмей қалса, оны кесіп алып тастау оңай. Ал мықтылығына өзге ешбір металл тең келмейтін титанды кесу мүмкін емес, деп хабарлайды 24.kz.
Сөйтіп, саусақ іскен жағдайда, дәрігерлер сақинаны емес, саусақты кесіп тастауға мәжбүр болады екен.
Өйткені титан сақинаның кесірінен қан айналымы тоқтап қалып, тіпті адам өліп кетуі мүмкін екен. Осыған байланысты дәрігерлер титанды кесе алатын жаңа құралдың керектігін айтып, дабыл қағуда, деп жазады planet-today.ru.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу