Бүгінде мануалды терапияға жүгінетіндер көп - дәрігер

Бүгінде мануалды терапияға жүгінетіндер көп - дәрігер

Елімізде мануалды терапияға жүгінетіндердің саны  артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
 Қазақстандықтардың 80%-ы кеңселерде таңертеннен кешке дейін қозғалмай жұмыс істейді. Әдетте бұл остеохондроз ауруына жиі шалдықтырады. Мануалды терапияның пайдасы мен зияны туралы дәрігер Еркеғали Шерімұлымен әңгімелескен едік.

- Алғашқы сұрақты білім алудан бастасақ. Мануалды терапевт болу үшін арнайы оқу тәмамдау керек пе?

- Әрине, медицина саласында жоғары біліміңіздің болуы маңызды. Себебі, анатомиядан бастап, сүйектердің құрылысын, қызметін, байламдарды, бұлшықеттердің орналасуы туралы толық білуіңіз керек. Өзімде жалпы медицинаны тәмамдаған дәрігермін. Мануалды терапияны Астана қаласында арнайы оқыдым және арнайы Украина терапевттерінен сабақ алдым.Қазір ем жүргізу барысында осы Украиналық әріптестеріміздің емдеу тәсілдеріне сүйенемін. Бүгінгі таңда 1-2 айлық курстар бар. Бірақ, ол сізге адам емдеуге толық мүмкіндік бермейді.

- Бүгінде мануалды терапияға жүгінетіндер көп дейді мамандар. Себебі неде?

- Қазақстанда мануалды терапия енді ғана дамып келеді. Бүгінгі күні невропотолог мамандар пациенттерді бізге жіберіп жатады. Дәрі, уколға қарағанда мануалды терапияның пайдасын халық енді ғана түсініп келе жатқандай.

- Мануалды терапия мен емдік массаждың айырмашылығы неде?

- Екеуін егіз ұғым десек те болады. Алдымен біз емдік массажбен адамның омыртқадағы, буындардағы бұлшық етін мануалды терапияға дайындап аламыз. Содан кейін ғана мануалды терапия арқылы  байламдарды, омыртқа арасын соза аламыз. Мен екі емді қатар жүргіземін. Оның пайдасы, әсері сонда жақсы сезіледі.

- Остеохондроз туралы айтсаңыз...

- Адамдардың 80%-ы осы остеохондрозбен ауырады. Себебі азаннан кешке дейін кеңседе қозғалыссыз отыратын адамдар жаттығу жасамайды. Ал бұл бұлшық етте тонус бұзылып, қан айналымның дұрыс жұмыс жасамауына әкеледі. Оның жалпы ұйқысыздық, қолдың ұюы, әлсіздік, құлақтың шуылдауы, көздің көруі нашарлауы, арқаның ашуы белгілері бар. Бұл аурудан бірден жазылып кетуі мүмкін емес. Сондықтан айына 1-2 рет емдік массаж алып отыруды ұсынамыз.

- Мануалды терапия тағы қандай ауруларға ем?

- Негізінен науқастар остеохондроз, грыжа, протрузия, давление секілді шағымдармен көп келеді. Сондай-ақ, радикулит, сегізкөздің зақымдануы, арқаның құрысып қатты ауыруы, омыртқа бойының қисаюы секілді ауруларға ем. Егер науқас бел, жамбас, аяққа нұқсан келтіріп, уақытында емделмесе, төсекке таңылып қалуы мүмкін. Медицина мұндай  жағдайда операция жасауға кеңес береді. Бірақ, науқасты операциясыз, мануалды терапия әдісі арқылы біржола орнынан тұрғызып жіберуге болады.

- Мануалды терапия пайдасын тигізетін түрлі аурулардың тізбесін жасадық. Ал, зияны бар ма?

- Зияны бар деп айта алмаймыйн. Бірақ, қарсы көрсеткіштері бар. Ол жүктілерге, аурудың қозып тұрған шағында, онкологиялық ауруы бар адамдарға жасауға болмайды. Негізінен, мықты, білімді, сертификатталған дұрыс дәрігерге барсаңыз, ешқандай уайымдаудың қажеті жоқ дегім келеді. 

 - Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста