Ақуызы көп тағамдар дене бітімі толық жеткіншектерге арықтауға көмектеседі
Миссури Университеті ғалымдарының зерттеуіне артық салмағы бар жеткіншектердің үш тобы қатысты. Қатысушылар әдетте аптасына 5-7 күн таңғы астарын ішпейтін.
Алғашқы топқа зерттеушілер 12 апта бойы ақуыз құрамы жоғары, екіншісіне ақуызы қалыпты таңғы ас беріп отырды. Үшінші топ әдеттегідей таңғы асын ішпеді.
Бірінші топқа қатысушылар таңғы аста 35 грамм ақуыз, екінші топтағылар 13 грамм ақуыз пайдаланған, деп жазды Zee News.
Таңғы аста ақуызды мол пайдаланған жасөспірімдер артық салмақтан арыла бастаған. Ал екінші және үшінші топтағы еріктілер керісінше салмақ қосқан. Сонымен қатар бірінші топтағылардың қанындағы глюкоза құрамы қалыпқа келген.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу