Ақ халатты "жезөкшелер"

Ақ халатты "жезөкшелер"

Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері, денсаулық сақтау министрлігінен араша сұрайды. Олар өздерін үнемі балағаттайтын басшылыққа шара қолдануды сұрап хат жолдады.

 

Ақ халаттылардың айтуынша, облыстық жедел медициналық көмек бекеті директорының орынбасары, тіпті «жеңіл жүрісті әйелдерге» де теңеген. Әдепке жатпайтын сөздердің біразын фельдшерлер диктофонға жазып алыпты. 

 

Дәрігерлер енді жұмыста қудалау бастала ма деп қорқады.   Бұл аудиожазба кезекті жиналыста жазылған.

 

Дәрігерлердің айтуынша, әдепсіз сөйлеп жатқан облыстық жедел медициналық көмек бекеті директорының орынбасары Арман Байсұлтан. Алайда одан сорақысы да бар дейді.  

 

Үмітжан СҰЛТАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БЕКЕТІНІҢ АҒА КЕЗЕКШІ ДӘРІГЕРІ:

 

– Елдің құлағына айтуға ұят сөздер. Сондай жезөкшелер, арамтамақтар, сендер только арттарыңмен ойлайсыңдар, со жермен ғана жұмыс істейсіңдер дейді солай айтады. Жоғары білімді мамандармыз, біреудің шешеміз, біреудің жұбаймыз, біреудің әжесіміз. Осыншама жыл істеп неужели сондай сөз естуге лайық па?

 

Дәрігерлер басшылық ауысқалы 1 жылдан бері жалғасып келе жатқан жағдайды, облыстық денсаулық сақтау басқармасына талай жазған. Алайда нәтиже болмаған соң, тиісті министрлікке хат жолдапты.

 

Бұдан былай әдепсіз сөздерге төзбейміз, - дейді.

 

Гүлчехра РАЙЫМЖАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БЕКЕТІНІҢ АҒА КЕЗЕКШІ ДӘРІГЕРІ:

 

– Негізі бұл жағдай ұят нәрсе ғой. Қақысы жоқ бізге өйтіп сөйлейтін. Көп жыл істеп жүрген дәрігерміз. 24 сағат аяққа тұрамыз. Қыста да, ыстықта да бәріне шыдаймыз. көнеміз. Қиындыққа үйренген адамбыз. әр нәрсенің шегі бар.

 

Біздің білуімізше, басшының ашуына егде жастағы науқастың өлімі себеп болған. Оны 1 күнде 3 рет шұғыл көмек шақырса да бригада ауруханаға апармаған. Кінәлілер жұмыстан шығарылған. Алайда ол іске қатысы жоқ қаншама адам сөз естіген. Облыстық жедел медициналық көмек бекеті директорының орынбасары Арман Байсұлтан сөгіс алыпты.

 

Зүлфикар ӘБІЛҚАСЫМОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БЕКЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

– Оперативтік бөлім қызметкерлерінің шағымы мен ұсынған материалдарының негізінде қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде тәртіптік жаза ретінде сөгіс алды. Ол кісіге айтып түсіндірдік.

 

Айта кетейік жедел жәрдем бекетінің басшылығына қатысты бұдан бұрын да бірнеше рет қызметтік тексеру жүріп, ақыры құқық бұзушылық анықталмаған болатын.

 

 

astanatv.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста