Алмұрттың жемісімен бірге жапырақтары да денсаулыққа пайдалы

 Кез-келген жеміс секілді алмұрттың да құрамы дәрумендерге толы. Оның иісі - жұпар, дәмі - тәтті, пайдасы - мол.

Ертеде алмұрт махаббат, нәзіктік, сыйластық белгісі, денсаулық нышаны деп бағаланған. Ал, оның ағашының жапырақтарымен дене жарақаттарын жазу үшін таңған. Жаңа піскен жемісі болса жаңа босанған әйелге азық болып, оның бойына күш қуат береді. Өйткені, алмұрттың әлсіреген ағзаны қалпына келтіретін қасиеттері бар.
Аталған жемістің бұдан өзге де пайдалы қасиеттері көп. Мәселен...

-Алмұрттан дайындалған сусында күніне 3 рет ішсе, зәр шығару жолдарындағы дерттерден айықтырады, қабынудан сақтайды.

-Қант диабетімен ауыратын жандар алмұртты балғын күйінде немесе кептірілген түрін жесе пайдасы өте көп. Сонымен қатар, күніне тамақтанардан алдын (30 минут) 40-50 грамм алмұрт шырынын ішу ағзаға күш береді.

-Алмұрттың кейбір сұрыптарының 20%-ын илік заттар құрайды. Оның негізгі пайдасы – ішек жолдарындағы микробтарды сыртқа шығарады.

-Адам ағзасы қатты әлсірегенде алмұрт қайнатпасы мен нәрсуын ем ретінде ішкен жақсы. Ол жүректің соғуын реттейді. Бұлшықет пен жүйкедегі шаршауды басады.

Алмұрт жемісін аш қарынға жеуге болмайды. Сонымен қатар, жемісті жегеннен кейін артынан су немесе ет жеуге болмайды. Мамандар алмұртты тамақтан соң 30 минуттан кейін ғана жеген дұрыс дейді. Қарт адамдар жұмсақ әрі толық пісіп жетілген алмұртты жегені жөн.

Baq.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста