Алматыда колледж студенттері диплом ала алмай жүр

Алматыда колледж студенттері диплом ала алмай жүр

Алматыда жекеменшік медициналық колледж студенттері дипломын ала алмай жүр. Себебі, оқу орнын бітіруі тиіс қыз-жігіттердің дені емтиханнан шекті балл жинай алмай сүрінген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ студенттер мұны өздерінен емес, тестті дайындаған орталықтан көріп отыр. Айтуларынша, сұрақтардың көбі қате, орысшадан қазақшаға дұрыс аударылмапты. Және сынақты қайта тапсыруға жарты жылдан кейін ғана рұқсат. Ал оқуын университеттерде жалғастырғысы келетін студенттер үшін ол "қол емес".

 

Қарлығаш Жолшыбекованың екі баласы осы колледжді биыл бітіріп, диплом алу керек болған. Бірақ ұлдары қорытынды мемлекеттік аттестатциялаудың алғашқы кезеңінен сүрінген. Бұған ол тестілеу орталығын кінәлап отыр. Айтуынша, тест сұрақтарының құрылымы дұрыс болмаған.

 

ҚАРЛЫҒАШ ЖОЛШЫБЕКОВА:

 

- Ақша төлеп, алып жүрген тестті 80-90 балл алып жүргенбіз. Армияға уже шақырып жатыр. Повеска келіп қойған. Колледждан жылда алып береміз ғой справка ол кеше июльда бітіп қойған. Төрт балаға лгота алатынбыз ол да бітіп қалды. Заңның сұрақтары келді деді. Біздің сұрақтарымыздың ішінде заңның сұрақтары жүр дейді. Түсініксіз переводы анық емес, түсінбейміз түк сөздерді деп айтты.

 

Жиылғандар арасында болашақ тіс дәрігерлері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен педиатр мамандары бар. Олар да тестілеуде берілген сұрақтар мүлде түсініксіз деп отыр.

 

Ал қайтадан тапсыруға жарты жылдан кейін ғана мүмкіндік берілген. Тек ол уақытта студенттердің бірі жоғарғы оқу орнына түсе алмай қаламыз десе, екіншісі дипломсыз әскерге алып кетеді деп уайымдайды. Сол себепті қайта тапсыру уақытын жақындатса дейді.

 

РУФИНА АЛИМОВА:

 

- Біз жұмыс істей алмаймыз. Себебі бізде диплом жоқ. Біз студент ретінде де саналмаймыз. Жігіттерді әскерге алып кетуі мүмкін. Өте көп студенттер жоғарғы оқу орнына түскілері келген. Оларда оқуларын ары қарай жалғастыра алмай отыр. Біз бұлай жарты жыл күтіп отырғымыз келмейді. Бізге қайта тапсыру уақытын ертерек жасап берсін. Мен өз мамандығым бойынша жұмыс жасағым келеді.

 

Жалпы тестілеуге 426 студент қатысқан екен. Оның тең жартысы өтпей қалған. Колледж басшылығы бұл іске араласа алмайтынын, студенттерден тестілеуді тәуелсіз емтихан орталығы алғанын айтты.

 

СӘУІРБЕК РУЗУДДИНОВ, медициналық-стоматологиялық колледж директоры:

 

- Соңғы экзамен тапсыратын тестерге бізге ол не доступен. Біз оны білмейміз қандай сұрақтар келіп жатқаның. Біз тестті білмейтін болғанан кейін не доступен болғана кейін ол тестке оценка бере алмаймыз. Біз сол туралы Минзравқа жаздық та, айтықта. Енді ол кісілер қандай шешім қабылдайды біз білмейміз.

 

Ал тест орталығындағылар бәрінің талапқа сай екеніне сенімді. Сұрақтар алдын ала дайындалып, білікті мамандардың тексерісінен өткен дейді олар.

 

МАРЖАН ШӘРІПОВА, «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының" маманы:

 

- Емтихан кезіңде қолданылатын барлық тест сұрақтар, емтихан кезіңде әзірлеу бойынша, оқудан өткен жәнеде өз біліктілігін растаған маман иелері құрастырылады. Емтиханда қолданылған орыс және қазақ тіліндегі тест сұрақтары 2023 жылдың мамыр айында тестологиялық және мазмұндық сараптамадан өткізілді. Қазақ тіліне аударатын маман иелерінің бізде екі түрі бар. Олардың медициналық бөлімі бар және мемлекеттік тілді бағалайтын қаз тест бойынша ленгвист мамандар бізде жұмыс атқарады.

 

Тест орталығының мамандары студенттерге жарты жыл дайындалып, қайтадан тапсыруға ғана кеңес беріп отыр. Дипломсыз қалған 200-ден аса түлекке одан басқа амал да жоқ сияқты.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста