Алматыда балалар арасында қызылшамен аурушаңдық деңгейі өскен

Алматыда балалар арасында қызылшамен аурушаңдық деңгейі өскен

Алматыда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, мегаполисте наурыз айынан бері қызылшаның 651 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 543 жағдай, бұл 83,4% құрайды.

«Балалар арасындағы аурушаңдық негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен болған, сондай-ақ, вакцинациядан медициналық босату және егу жасына жетпеу салдарынан тіркеледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізудің нәтижесінде 9784 қарым-қатынаста болған тұлға анықталды, қызылшаға қарсы 277 адам егілді. Барлық байланысқа түскен адамдар медициналық бақылауға алынды, ошақтарда қызылшаның алдын алу бойынша санитариялық жұмыстар жүргізілді», - деді Әсел Қалықова.
Оның сөзінше, қызылшаны жұқтырудан, оның асқынуынан сақтанудың жалғыз жолы - вакцинация.
«Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жаста және 6 жаста екі рет жасалады, бұл адамдарда өмір бойы болатын иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеді. Екпелерді салу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған және Қазақстанда тіркелген вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі. Айта кетейін, 8 маусымда Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының вакцина қоймасына ДДҰ сертификаттаған және Қазақстанда тіркелген 37 200 доза мөлшерінде қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке (ҚКП) қарсы вакцина әкелінді», - деді дәрігер.
Оның сөзінше, балаларды жоспарлы вакцинациялау тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі. Қалған тұрғындар ақылы негізде жеке егу кабинеттерінде екпе ала алады.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста