Сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталып, бюллетендер саналып жатыр

Сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталып, бюллетендер саналып жатыр

Еліміздегі сайлау учаскелерінің басым бөлігі жұмысын тоқтатты. Қазір комиссия мүшелері есікті жауып алып, бюллетендерді санап жатыр. Бірақ, уақыт айырмашылығына байланысты, батыс өңірдегі сайлау учаскелері әлі соңғы келушілерді қабылдауда. Сондай-ақ, шет мемлекеттерде, Вашингтон, Нью-Йорк, Оттавадағы Қазақстанның елшіліктерінде сайлау таңғы сағат 6-да аяқталады. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, он үш сағаттың ішінде электораттың 80 пайыздайы дауыс беріп үлгеріпті.
Бүгін еліміздегі сайлау учаскелеріндегі тіршілік таң алакеуімнен басталды. Міне, комиссия мүшелері қайта-қайта сағат тіліне қарап, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал, есік алдында ондаған адам дауыс беру үшін кезек күтіп тұр.

-Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты бүкіл ақпарат осы Орталық сайлау учаскесіне сағат сайын келіп түсуде. Яғни, еліміздегі 9840 сайлау учаскесіне қанша адам келіп, дауыс бергені, жалпы саяси доданың өту тәртібін осындағы комиссия мүшелері қадағалап отыр. Сондай-ақ, мұнда отандық, шетелдік тілшілер де қызу жұмыс істеуде. Тілшілер орталықта отырып елімізге, алыс-жақын шет мемлекеттерге тікелей ақпарат таратып жатыр.

Таңмен таласа сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын елден бұрын орындағандарға комиссия мүшелері ерекше көңіл бөліпті. Әр учаскеде алғашқы жеткен бес адамға және туған күн иелеріне түрлі сыйлықтар таратып, қуантуда.

Гүлназым Қожахметова, Астана қаласының тұрғыны:

-Бірінші келгеніме өте қуанштымын. Елдің, халықтың алдындағы азаматтық борышым деп ойлап,таңертең ерте келдім.

Тіпті кейбір сайлау учаскелері азаматтарды құда күткендей әнмен қарсы алды.Ал, азаматтарға екі бюллетеннен беріліп жатыр. Яғни, сайлаушылар Мәжіліс пен мәслихаттың депутаттарын қатар таңдайды. Қарапайым тұрғындардан шенеуніктер де қалыспады. Таңертең премьер-министр өзі тіркелген сайлау учаскесіне келді. Комиссия мүшелері ұзын-сонар тізімінен Кәрім Мәсімовтің аты-жөнін тауып, қолына бюллетенін ұстатты. Отан алдындағы борышын өтеп жатқан әскерилер де таңдау жасады. Сарбаздарды Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың өзі бастап келді.

-Мейрамдарыңызбен!

Қарулы күштер күндізгі 10 жарымға дейін жүз пайыз дауыс беріп үлгерген. Мәселен, бүгін Әуе қорғаныс күштерінің сарбаздары әскери жаттығу өткізуі тиіс еді. Алайда, десантшылар қызмет арасында уақыт тауып, сайлау учаскесіне келді.

Қизат Бораш, Астана маңындағы №36 десанттық шабуылдаушы бригадасының кіші сержанты:

-Қазақстан қарулы күштерінің қатарында әскери міндетімді өтеп жүріп, бүгінгі сайлауда өз таңдауымды жасадым. Біз дауыс бере отырып, еліміздің одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосамыз.

Саяси додада бақ сынап жатқан 6 партияның мүшелері де белсенді. Коммунистер көсемі Владислав Косарев сайлау учаскесі ашылмай жатып келіп алды. Үміткерлердің бірі «Ақ жол» партиясының төрағасы болса, Парламент сайлауында қандай жеңіске жететіндерін болжап жүр.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

-Жеңіс күтемін. Әрине,біздің жеңісіміз «Нұр Отандай» жеңіс емес. «Ақ жолдың» өзінің сайлаушылары бар. Олар: кәсіпкерлер, бизнесмендер, отандық өндірушілер. Осы топтан үлкен белсенді қолдауды күтіп отырмыз.

Әзірге, үміткер партиялардың қайсы басым дауыс жиғаны белгісіз. Тек белсенділік жағынан Алматы, Ақмола, Оңтүстік, Қостанай облыстары көш бастап тұр. Ал, мерзімінен бұрын тарап кеткен Мәжілістің 5-шақырылымы мен мәслихат сайлауында аса ірі заңбұзушылық тіркелмепті. Учаскелердегі қауіпсіздікті жіті қадағалап отырған полицейлер, құтқарушылар мен прокурорларға тұрғындардан арыз-шағым түспеген. 

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста