Айдос Сәдуақасов: Димашты жан-жақты қолдай білсек, елімізді əлемге таныту үшін имидждік жобаларға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдеген болар едік.

Айдос Сәдуақасов: Димашты жан-жақты қолдай білсек, елімізді əлемге таныту үшін имидждік жобаларға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдеген болар едік.

Димаш - Қазақ халқының бағына туған талантты əнші, елінің отаншыл перзенті. Димаш - Қазақстанның ұлттық бренді. Мемлекет тарапынан əрдайым оған қолдау көрсетілуі тиіс.

Себебі Димашты жан-жақты қолдай білсек, елімізді əлемге таныту үшін имидждік жобаларға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдеген болар едік. Димашты Қытайдан қарсы алып, бір-екі концертін Мəдениет министрлігі ұтымды ұйымдастыра білді. Бірақ бұл істелуі тиіс ауқымды жұмыстың аз ғана бөлігі.
Димаш арқылы Қазақстанның мəдениеті мен өнерін насихаттаудың арнайы мемлекеттік бағдарламасын əзірлеп, жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Димаштың дауыс диапазонының кеңдігін ескеріп, оның репертуарын толықтыратын отандық композиторлар мен сахналық костюмдерін əзірлейтін дизайнерлерді, концертін ұйымдастыратын әлемдік деңгейдегі жоғары білікті режиссерлер мен продюсерлер тобын осы іске жұмылдырса, Димаш гаухар тастай бұдан да жоғары деңгейде жарқырай түсер еді. Себебі қазіргі таңда Димаштың репертуарындағы əндердің басым бөлігін өзге тілдегі әлемдік хиттер, соның ішінде бұрыннан келе жатқан əндер құрайды. Дайдидау, Қазақстан əндерінен басқа ұлттық мінезімізді көрсететін əндері аздау. Бұл Димаштың кінəсі емес. Бұл мəдениет саласындағы репертуар жұмысының олқылығын көрсетеді. Өнерде қаншама жүлде алса да қарапайым адами болмысын сақтай білген дарынды азаматты мемлекет жəне қоғам болып, баршамыз қадірлей білейік! Сонда Димаштың, Димаш арқылы Қазақ халқының əлемдік аренадағы абырой-беделі арта бермек! 
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста