Төртінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатыр – Андрей Илларионов

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Таяуда Вильнюста өткен алқалы жиында Украина-Ресей қарым-қатынасына қатысты ащы шындықтың бетін ашқан баяндама бүгіндері әлемде үлкен резонанс туғызып отыр. «Алаш айнасы» басылымы оқырмандарына осы баяндаманы сол күйінде ұсынуды жөн санайды. Оның авторы - РФ президенті Владимир Путиннің бұрынғы кеңесшісі, Катон институтының Ғаламдық азаттық және өркендеу орталығының аға ғылыми қызметкері (АҚШ), «Мемлекеттік басқару» бағытында «Жыл адамы -2003» сыйлығының иегері, Жылдың «қаржыгер сәуегейі» атағының иегері Андрей Илларионов боп табылады.
НАТО Парламенті ассамблеясының Экономика және қауіпсіздік комитеті отырысындағы баяндамасынан, Вильнюс, 2014 жылдың 31 мамыры.
Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар!
Сіздердің алдарыңызда Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жайлы, Украинадағы қазіргі ахуал туралы өз ойларыммен, пайымдарыммен бөлісуге мүмкіндік туғаны мен үшін үлкен мәртебе. Алдын ала жарияланған баяндама тақырыбында Украина мен Ресейдің ғана аты аталғанымен, соңғы кездері әлемде боп жатқан дүниелерге қатысты басқа да мәселелерден айналып өту маған қиын болатын секілді.
Соңғы айларда әлем халқы айналымызда не боп жатыр деген сауалды өзіне жиі қоюда. Путиннің Украинаға басқыншылығы, Қырымды басып алу мен аннекциялауы, ресейлік режимнің Украинаның шығысына басқыншылығы: мұның барлығы нені білдіреді? Путиннің қысқа және ұзақмерзімді жоспары қандай? Ол қай жерде қашан тоқтамақшы? (әрине, тоқтайтын ойы болса). Мен осы мәселелерге қатысты 10 пунктке шоғырланған өз пайымдарымды Сіздердің назарларыңызға ұсынсам деймін. Мен қысқаша қайыруға және Сіздердің сұрақтарыңызға ыждаһаттылықпен жауап беруге тырысам.
Бірінші пункт. Сіздер қазір «украиналық дағдарыс» немесе «Украинада дағдарыс» боп жатыр дегенді жиі еститін боп жүрсіздер. Бірақ бұл олай емес. Қазір боп жатқандар «украиндық дағдарыс та» емес, «Украинада дағдарыс» боп жатқан да жоқ. Қазір куә боп отырғанымыз – Кремль көрсеткісі келетіндей Украинаның ішкі жағдайы емес. Бұл – соғыс. Бұл – Ресей мен Украинаның соғысы. Нақтысында: бұл – Путиннің Украинаға қарсы соғысы. Онда да бұл соғыс ұланғайыр көлемді алатын «дүниежүзілік соғыстың» кіріспесі ғана. Төртінші дүниежүзілік соғыстың. Бұл түсініктемеге мен кейін оралатын боламын. Бұл терминді мен таңдап алған жоқпын. Бұл терминді Кремльдің насихат машинасы пайдаланады; онда бекітілген пайым бойынша, Төртінші дүниежүзілік соғысты бүкіл әлемге қарсы Ресей жүргізеді.
Екінші пункт. Кейбір сараптамалық зерттеулерде қазіргі соғыс Қырғи-қабақ соғыс ретінде суреттеледі немесе бастан өткен Қырғи-қабақ соғысқа оралу, тағы болмаса жаңа Қырғи-қабақ соғыс басталды делінеді. Менің ойымша, қазір боп жатқандар Еуропадағы саяси реттеуге қол жеткізген, 1980-1990 жылдары аяқталған Қырғи-қабақ соғысқа еш қатысы жоқ. Бұл жаңа Қырғи-қабақ соғыс та емес. Мен бұл арада Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін белең алған бұрынғы Қырғи-қабақ соғыста қандай да бір еуропалық мемлекет территориясының аннекциялау сынды жағдай орын алмағандығына, Қырымның басынан өткен жағдай болмағанына айырықша мән берулеріңізді сұраймын. «Классикалық» Қырғи-қабақ соғыс кезінде жекелеген мемлекеттердің саяси режимін төңкеруге қадамдар жасалды, алайда Еуропадағы тәуелсіз және тәуелсіз емес әлем шекаралары ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ.
Сондай-ақ Қырғи-қабақ соғыс пен қазіргі соғыстың айтарлықтай тағы бір айырмасы бар. Қырғи-қабақ соғыс кезінде жеке тұлғаларға санкция қолданылған жоқ. Санкцияның басқа түрлері болды, бірақ жекелген санкциялар болмады. Осы жағынан алғанда, қазір боп жатқандар – қырғи-қабақ соғыс емес. Бұл соғыстың нақты атауын сарапшылар мен саясаткерлер алдағы уақытта бере жатар. Қалай дегенмен де бұл қырғи-қабақ соғыс емес. Тағы да ескерте кетейін, Кремльдің насихат машинасы оны Төртінші дүниежүзілік соғыс деп атайды.
Үшінші пункт. Көбіміз үшін бұл соғыс алаңдаушылықтың дабыл белгісі ретінде рөл атқарды. Дегенмен ресейлік әскерилер бөтеннің территориясына бірінші рет аяқ басқан секілді пайымдарды да естіп қап жатырмыз. Ондай адамдардың сөзі «бірнеше ай бұрын барлығы жақсы еді, Ресеймен қарым-қатынасымыз түзу еді. Бір уақытта барлығы күрт өзгеріп шыға келді» дегендей боп келеді. Естеріңізге сала кетейін, бірнеше ай бұрын емес, бірнеше жыл бұрын, нақтысында алты жыл бұрын орыс-гүржі соғысы болған. Тәуелсіз Грузияға Ресей басқыншылық жасаған. Грузияға баса көктеп кірген ресейлік әскер гүржі территориясының шамамен 20 пайызын қамтитын екі облысын оккупациялады. Сол орыс-гүржі соғысындағы кейбір технологиялар қазір Украинада қайтадан қолданылып жатыр, кейбірі, тіпті жаңаланған да. Өкінішке қарай, орыс-гүржі соғысының сабақтары зерделенбеді, есепке алынбады, орын алған жағдайдан ешқандай нәтиже шығармадық. Қателікке жол берді деп айыпталған Грузия президенті Михаил Саакашвилиге алты жыл бұрын болған оқиғаның барлық кінәсін арта салу сынды пайым баршаға ыңғайлы көрінді. Сондықтан осындай жаңсақ ой кеңінен тарады. Сондай-ақ көбіміз бұл эпизодты қатты ұмытқымыз келді.
Бірақ үш ай бұрын Украинада украиндық Михаил Саакашвили болған жоқ. Ел тізгіні посткеңестік кеңістіктегі ең ресейшіл, ең путиншіл Виктор Януковичтің қолында болды. Соған қарамастан ресейлік әскер 20 ақпанда Қырымды басып алып, аннекциялау бойынша әскери операциясын бастап кетті. Яғни, бұл жайт Януковия мырза оппозцияның үш көшбасшысымен және үш еуропалық сыртқы істер министрлерімен қол қойғанға дейін екі күн бұрын, Януковичтің Украина территориясын артқа тастап, ресейлік әскери-теңіз кемесімен қашқанға дейінгі төрт күн бұрын орын алған.
Осы жағынан алғанда, Украинаға қарсы жасалған ресейлік агрессия Майдандағы төңкеріске, Янукович режимінің төңкерілуіне қатысты берген жауап емес. Агрессия Янукович Украинаның толыққанды әрі заңды президенті боп тұрған кезде басталды. Демек, агрессор үшін Грузияда Михаил Саакашвили немесе Украинада Виктор Янукович бола ма, не болмаса Ресей өзінің империялық мүддесі ретінде қарастыратын кез келген елдің кез келген басшысы болсын, оған қарамайды, бұл маңызды емес. Ресейдің басқыншылыққа алған нысаны нақты бір тұлғаға тәуелді емес.
Төртінші пункт. Жиырма жыл бұрын орыс-гүржі соғысы да, орыс-украин соғысы да болған жоқ. Есесіне Абхазияда, Оңтүстік Осетияда, Приднестровьеде соғыстар боп жатты. Егер Қырымды аннекциялауда және Украина шығысында тұрақсыздықты жайлату операциясында бір мәніс бар десек, онда оның авторларына ризашылығымызды білдіруіміз керек. Өйткені Украинадағы жайт осыған дейінгі Абхазия, Оңтүстік Осетия, Приднестровье, орыс-гүржі соғыстарындағы «еріктілер» деп аталатын ресейлік арнайы әскери сарбаздарының, шешендердің, дағыстандықтардың, оңтүстік осетиялықтардың және басқалардың қолданған әдіс-тәсілдері мен технологияларын бүкіл әлемге ашықтан ашық жайып сап беріп отыр.
Бұрындары, жиырма жыл бұрын «жасыл адамдар» қатысатын осыған ұқсас басқыншылық, территорияны тартып алу сынды операциялар бұрынғы кеңес рсепубликалары территориясында болған жоқ, 1940 жылы Балтық жағалауындағы үш мемлекетке қатысты орын алды. Осы ассамблеяға қатысушыларды алдарына таратылған «Тарих сабақтары. 1940 жылғы үнсіз басып алу» атты парақшаға назар бұруларыңызды сұраймын. Онда 1940 жылы Балтық елдеріне, одан кейін жиырма жыл бұрын Приднестровьеге, алты жыл бұрын Грузияға, қазір Украинаға қарсы қолданылған бірқатар амал-тәсілдер көрсетілген.
Аты аталған барлық агресииялық актілердің арасындағы тарихи байланысты түсіну үшін аса қажетті бұл парақшаны әзірлеген литвалық ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіре кеткім келеді.
Қолданылып жатқан бұл айла-шарғылардың ізі Ресейдегі Қазан төңкерісі деп аталатын кезеңінде де байқалады. Мұндай тәсілдер күштеп мемлекеттік төңкеріс жасауды, лаңкестік режим орнатуды, саяси қарсыластарды қинау, өлтіру, сайлау мен референдум нәтижелерін қолдан жасауды, адамдарды шатастыру үшін насихат машинасын іске қосуды, Ресейде, Кубада, Солтүстік Кореяда және басқа мемлекеттерде авторитарлық және тоталитарлық режимдерді құруды қамтиды.
Бесінші пункт. Украинаға тікелей қатысты. Әрине, бұл қазір толықтай талқылау мүмкін емес ауқымды тақырып. Бірақ КСРО ыдырап, тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап жиырмадан астам жылғы Украинада болған маңызды процестерді баса атай өткім келеді. Бұл - елдің біртіндеп, алайда жылдам саясилануы процесі. Кейде ол украинизация формасын қабылдаса, алайда шын мәнісінде Украина территориясының басым бөлігіне батыс институттарының кеңінен тарауы еді, сондай-ақ бұл Украина тұрғындарының көп бөлігінің еуропалық тәртіп моделіне көшуі еді.
1991 жылғы сайлауда батыстық бағыттағы, батыс құндылықтарын ұстанатын, батысшыл саясаткерлер Украинаның 25 облысының үшеуінен ғана қолдау тапты. Батысқа бет бұрған аймақтар мен посткеңестік облыстар шекарасы Украинаның солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысы боп бөлінді. 2000 жылдары бұл процесті жылдамдатқандар болды, мемлекет үнемі екіге бөлініп, біреуі батысшыл күш - «қызыл сарыға», ал келесісі Украинадағы посткеңестік күш «ақ-көк түстілер коалициясына» дауыс беріп жатқандай көрінді. Нақтысында бұл олай емес еді. Шынтуайтында, батыс құндылықтарына мемлекеттік жүйенің икемделу процесі жалғасып жатты, әсіресе Ющенко мен Януковичтің кезінде. 2013 жылдың жазында Украинадағы батысшыл, Еуропаға бағыт алған күштің ашық қолдауы еуразиялық күш деп аталатындардан басым түсті. Посткеңестік, шығысқа бағыт алған еуразиялық империялық ықпалдан шығып бара жатқанын түсінген Путин осы кезде өзінің Украинаға қарсы соғысын бастап кеп жіберді.
(жалғасы бар)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста