Шахизада 4-ші күйеуі жайлы: 18 жас кішкентай, менің ішім жылайды…
Әнші Шахизада Жанар айжанова мен Аша Матайға берген сұхбатында өз өміріндегі соңғы жаңалықтар бойынша ресми түрде ақпарат берді, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
Көпшілік әнші Шахизаданың өміріндегі жаңалығын Инстаграм арқылы бақылап, тіпті бұл жағдайды әзіл деп ойлап жүргендер көп болатын. Әнші оның барлығы рас екенін айтып, төртінші рет ер адамның ұсынысына сенуге мәжбүр болғанын жеткізді.
«Басында әріптес, әпке, бауыр болып араластық. Кейіннен сол қарым-қатынас махаббатқа ұласты. Ерболат бұрыннан жақсы әнші. Оның жүрегіндегі ұшқын маған келіп, қадалды. Не істеймін енді? Жүрекке әмір жүрмейді, махаббат жасқа қарамайды деген рас, жақсы түсінемін. Арамыз 18 жас. Жақсы көретін адам болса түсіністікпен қарау керек. Мен әрине ішім жылайды. Бірақ оны елге көз жасымды көрсетпеймін. Мен барлық іштегі шерімді әнмен шығарамын»,- деді Шахизада.
Ол осыған дейін үш мәрте тұрмысқа шығып, жігіттердің «Сүйемін, күйемін» деген жалған әңгімелеріне сеніп, алданып қалғанын айтты.