Маған кәрі еркектер ұнамайды – Дильназ Ахмадиева екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты
Белгілі әнші Дильназ Ахмадиева Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жалғыз ұлының әкесі туралы айтып, екінші некесінің де сәтсіз аяқталғанын мойындады.
Караванның жазуынша, ол екінші күйеуіммен 2017 жылы кездесе бастаған. 2019 жылы үйленіп, 2020 жылы Зейданды босанады.
"Біз 2013 жылдан бері таныспыз. Мен ол кезде “X Factor” бағдарламасында қазылар алқасының қатарында болдым, ол байқауға қатысуға келген топтың мүшесі еді. Біз ажырасып кетсек те, жақсы доспыз. Екеуміз өте жақсы қарым-қатынастамыз. Алғашында арақатынасымыз достықтан басталды, кейін бір-бірімізге деген сезім пайда болды. Араға уақыт салып сезіміміз суып кетті, бірақ достығымызға сызат түскен жоқ. Екінші күйеуім менен 6 жас кіші. Ол 1987 жылдың қаңтарында дүниеге келген, мен 1980 жылы қараша айында туғанмын. Сол себепті арамыз алты жас есептейміз. Бірінші күйеуім менен 8 жас кіші болды”, – дейді әнші.
Өнер иесінің таңдауы жас жігіттерге түскен. Дильназ Ахмадиева мұның себебін түсіндірді.
“Маған кәрі еркектер ұнамайды. Олармен әңгімем жараспайды, түк қызық жоқ. Мүмкін мен өте көңілді адам шығармын. Ал өзімнен үлкен ер азаматтар маған біртүрлі көрінеді. Тіпті, менің құрдастарымның да қарындары шығып кеткен, үлкен ағалар сияқты. Маған ондай ұнамайды”, – дейді Дильназ Ахмадиева.
“Екінші күйеуіңізбен ажырасып кетуіңізге не себеп болды?” деген сауалға әнші: “Түсінісіп кете алмадық. Біз ерлі-зайыптыдан көрі жақсы дос болады екенбіз. Ұлым да қиналып қалмас үшін ертерек ажырасып кеткеніміз дұрыс деп шештім. Сөйтіп, өткен жылдың қазан айында ресми түрде ажырасып кеттік. Екеуміздің ортақ баламыз болғандықтан, бұл жағдайға жай қарай салмау керегін білемін. Бірақ ана бақытты болса, бала да бақытты екенін түсіндім. Сондықтан өзімді мүжіп, тығырыққа тіреуден аулақ болдым. Мен отбасының емес, шығармашылықтың адамымын. Мен үшін сүю, түсіну аздық етеді, мені дұрыс қолдай білу керек. Әзілхан – өте сабырлы адам. Оны тіпті ашуландыра алмайсың, бірақ ол маған қолдау көрсете алмады. Ер азаматымның маған тіреу болғанын, демеу бергенін қалаймын. Арақатынасымызда мен басым болдым. “Сен маған көмектеспедің, сүйеу бола алмадың” деп өзіне айтқанымда, ол маған шынайылығым үшін алғыс білдірді. Осылайша, екінші күйеуіммен жарасып кете алмадық. Бірақ ұлымызға қарап көңіліміз жайлы. Бірінші күйеуім шығармашылықтың адамы емес еді. Ол жас, қызуқанды, ал мен ылғи гастрольдік сапарда жүрдім. Осымен барлығы түсінікті шығар”, – дейді эстрада жұлдызы.