Ұлттық орындаушылық өнер орталығының Джамшед Бхабхи театрында кинофестивальдің ашылуы өтті. Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Фестивальдің бірінші күні әйгілі үнді режиссері Рахул Раваил басқарған халықаралық қазылар алқасы өз жұмысын бастады. Қазылар алқасында Нин Ин (Қытай), Гульбар Толомушова (Қырғызстан), Иван Кудрявцев (Ресей), Мехмедсаид Шохийон (Тәжікстан), Матякуб Матчанов (Өзбекстан) және Димаш Құдайберген (Қазақстан) бар.
Байқау қазылар алқасының отырысында әр елден келген әріптестер 2023 жылғы ШЫҰ кинофестивалінің лауреаты атағына үміткер фильмдерді көру бойынша алғашқы нәтижелерді талқылады.