Ресейдің халық артисі, "Бригада" сериалы арқылы кеңінен танылған актер Сергей Безруков Өзбекстанға көшетін болды, деп хабарлайды Экспресс К.
"Sputnik Өзбекстан" агенттігінің жазуынша, театр және кино актері С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының Ташкенттегі филиалында сабақ беретін болыпты.
Сергей Безруков қыркүйек айында институттың Ташкент филиалында актерлік шеберхана ашып, актерлік шеберліктен сабақ береді. Ол теориялық сабақтарды онлайн, ал практикалық сабақтарды Ташкентте жеке өткізеді, — деді филиал директоры Эльдор Юлдашев.
Актер өзбек тағамдарын жақсы көретінін, осы елге үйренісіп қалғанын айтқан.
Өзбекстанға барғанда еуропалық тағамдарды іздемеймін. Өйткені мұнда бәрі бар, — дейді Сергей Безруков.