8 қаңтар күні айтыс өнерінің белді де беделді мүшесі Сара Тоқтамысова сәбилі болды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Сарат Тоқтамысова екі ұлы барын үнемі желідегі парақшасы арқылы халыққа көрсетіп отыратын. Ақын соңғы жылдары көпшілікке психологиялық кеңестер айтып, өмірлік мәні бар жазбалар жазу арқылы халық назарын өзіне аударып жүрген еді.
Халықтың қызына айналған ақын Сара желідегі демеушілері мен қолдаушыларына отбасындағы жағымды жаңалығын сүйіншілеп айтты. Ол оқырман қауымнан қыз балаға әдемі есімдер де сұрады. Соған қарағанда ақын ұзақ күткен перзентіне ерекше есімді іздеген.
Соңында, Instagram парақшасында қызының есімін оқырмандарына жұмбақ қылып жасырды. Әр оқырман өз нұсқаларын жіберіп бірәз талқылады. Кейін, Сара Тоқтамысова өзінің қызына “Сүйкімді” деп ерекше есім бергенін жариялады.
“ Есілқызы Сүйкімді! Үйіне келе жатыр! Сөзі сүйкімді болсын, Ісі сүйкімді болсын деп ырымдап қойдық!
Аллам өміріңді сүйкімді қылсын, ғұмырлы бол құлыным!”, — деп оқырмандарына жақсы жаңалықпен бөлісті.