"Ақымақ болыңыз". Индира Расылхан ата-енесімен тұрғысы келмейтін қыз-келіншектерге кеңес берді
Индира Расылхан ата-енесінен бөлек тұрғысы келетін келіндердің мұңын тыңдап, ақылын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шықтым. Бірақ ата-енесіз, бөлек тұрғым келеді” деген оқырманның сұрағына әнші: “Жаным, ата-ене деген қазына. Өзіңіз қалай қарым-қатынас жасасаңыз, ол кісілерден соны аласыз. Енеңіздің ескертулерін елемей, менсінбеушілікпен қарамаңыз. Сол кісілердің туған баласның қойнында жатырсыз ғой. Сіз де ене боласыз”, – деп жауап берді.
Желі қолданушылардың арасынан ұзақ жыл бірге тұрса да өзін еркін сезіне алмайтынын айтып, кеңес сұрағандар да табылды.
“Еркіндік… Түрмедесіз бе? Сіз өзіңізді-өзіңіз шектейсіз. Оның жақсы бір тәсілі бар. Ақымақ болыңыз. Сонда ешқандай мәселе болмайды”, – деп ақылымен бөлісті өнер иесі.
Бұған дейін өнер жұлдызы күйеуінен ажырасып кеткенін, жүрегінің бос екенін айтқан болатын.