"Әйелім қызғаншақ". Тәуекел Мүсілім отбасылық өмірінің сырын ашты

"Әйелім қызғаншақ". Тәуекел Мүсілім отбасылық өмірінің сырын ашты

Танымал актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббатпен қарым-қатынасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі "Оян" бағдарламасында бөлісіп, сырын ақтарды. 

Тәуекел Мүсілімнің айтуынша, оның адамға ғашық болуы қиын. Бірақ жұбайы Махаббатты көргенде, ол бірден ессіз ғашық болған. 

"Мен де, әйелім де қызғаншақпыз. Шығармашылыққа зияны тимейді, басынан келісіп алғанбыз. Адамға тез ғашық болмаймын. Адамды таным-білу үшін уақыт керек. Махаббатты көргенде бұған дейін болмаған сезім пайда болды. Оны бірден ұнаттым. Отбасылық өмірде адам мінсіз емесін білуі керек. Ерлі-зайыпты арасында идея болғаны дұрыс", - деді ол.

Актер әйеліне қаншалық жиі сыйлық беретінін айтты. Оның айтуынша, әйелінің сүйікті гүлі - сәлдегүл (пиондар - еск.). 

"Жағдайым болған сайын, оған сыйлық сыйлауға тырысамын. Махаббат бақытты. Ол мәһрге әшекей бұйым сұраған. Сол кезде ғана нақты таңдауын айтты. Қалған кездері ол - өте үнемшіл қыз. Әйелімді күнде сүйіп, еркелетемін. Бала кезімде бес балам болса деп армандайтынмын. Қазір 3 бала дүниеге әкеліп, оларды аяққа тұрғызсақ, сол жетеді", - деді Тәуекел. 

Айта кетейік, Тәуекел Мүсілім - актер әрі тележүргізуші. Ол "Махаббатым жүрегімде" телехикаясы арқылы танымалы болды. Өнер иесі "Анамды іздеймін", "Барлығы еркектердің кесірінен", "Қазақ аруы", "Махаббат. Үміт. Астана" фильмдеріне түсті. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста