Танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші мәрте тұрмысқа шығар алдындағы қайынжұртының қалай қабылдағаны айтты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші қайын атасы мен енесінің өте мейірімді жандар екенін, тұрмысқа шығар алдында қуаныштан көзіне жас алғанын жасырмады.
«Алишерді менің әкеме ұқсатып жатасыздар . Негізі, Қайынатам мен Әкем ұқсайтын сияқты иә?
Марқұм қайынатамның батасын алып үлгергеніме қатты қуанамын.
Бүгін туған күні …. Жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын!
Ең алғаш ата-енеммен танысуға барғандағы әсерлі сәтті бөлісуді жөн көріп отырмын.
Папам(Қайынатам) : Иәәә, естіп жатырмыз. Алишер екеуің бір-біріңді жақсы көріп, отбасы болуға шешім
қабылдаған екенсіңдер . Біз мамасы екеуіміз қарсы емеспіз.
Мамам (енем): Иәәә
Папа (қайынатам): Бірақ…. Папаң мен мамаң біледі ме?
Мен: Мамам шет жағасын біледі, папам білмейді …
Қуаныштымыз
Папам түрі бұзылып (қайынатам): Папаң келіспей қойса қайтеміз?
Мен: Неге келіспейді?
Папам (қайынатам): Ендііі… сен танымал әншісің, жұлдызсың… Ал біз қарапайым отбасымыз …
Мен: О, не дегеніңіз? Келіседі Алла қаласа
Біздің оңтүстікте ‘Президенттің қызы” болсаң да,“ 4 баласымен ажырасқан келіншекке» үйленбеген жігіттің үйленуі… Мммм.. ол мүмкін емес дүние!!!
Папам (қайынатам): Ой, жаным-ау! Балалардың қандай кінәсі бар? Олар деген періштелер ғой! Ең бастысы Алишер екеуің бақытты болып, қыздарға дұрыс қарап, жақсылап махаббат беріп өсірсеңдер, міне, өмірдің рахаты осы емес пе?!
Мамам(енем): Ооой жандарым, они такие сладкие, хорошенькие же, мамасына ұқсаған
Мен шокпын. Не деген мейірім.
Сол кезде көзіме жас алып, осындай ата-анадан туған, менің болашақ ер-азаматым Алла қаласа бізді махаббатымен, мейірімімен баурайды деп Алладан үміт еттім. Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар!
Қайынатам, Тұралы Смағұлұлына дұға жасап қойыңыздаршы. Алла разы болсын баршаңыздан!», деп ағынан жарылды әнші.
«Бір ұл туып берсең, сенен бақытты әйел болмас», » Қашан туасыз. Үйленбеген ер-азаматқа тидіңіз. Ол кісіге де ұрпақ керек», «Жас кетіп барады. Алла сіздерге бір бөбек берсе», деп жазды оқырмандар.