Заңсыз базарларды жою мәселесін әлеуметтік дүрлігусіз шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?

Заңсыз базарларды жою мәселесін әлеуметтік дүрлігусіз шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?


Шынқуат Байжанов, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты:
– Базарларды заманауи талапқа сай етіп қайта жасау қажет екені сөзсіз. Алайда базарда сауда жасап отырған қарапайым халықтың жағ­да­йы­мен санаспауға тағы болмайды. Меніңше, базардың заңсыз екені дә­лел­деніп, сот шешімі шыққаннан кейін сот орындаушылары базардағы халық­ты бірден қуып шықпай, олардың мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Алды­­мен жұмыс тобы құрылып, зерттеу жұмысын жасаған жөн. Күнде­лікті тұр­мысына қажетін, нәпақасын базардан тауып жүрген адамдар басқа қандай кәсіпке бара алатыны есепке алыну керек. Оларға уақытша болса да басқа жерден орын ұсынылып немесе басқа жұмыс тауып беру қажет. Қысқасы, альтернатива болу керек. Тіпті болмаса жұмыссыз қалған күндеріне компенсация төлесін. Несиеге келген тауарлар болса олардың да жайын ойлағанымыз дұрыс. «Қаласаң да, қаламасаң да кетесің» – деген талап бүгінгі заманға сай емес. Заңнамада «үшінші жақ­тың құқығын бұзбау керек» деген талап анық көрсетілген. Үшінші жақ дегеніміз – халық. Яғни сот адамы базарды жабу арқылы оның әкімшілігін ғана емес, халықты да жазалап отыр. Бұл дұрыс емес. Сондықтан сот ше­шімімен қоса үшінші жаққа ауыртпашылық түспеу жағын ойластыру қажет.


Зәуреш Батталова, саясаткер:
– Жуырда ғана мен Болгарияда болдым. Сол кезде мен олардың базарларына назар аудардым. Ашық базарлар әлі де көп. Оларды жаппай құрту туралы әкімшілік бұйырғы жоқ. Себебі олар өздерінің кедей мемлекет екенін түсінеді және мойындайды. Әлеуметтік істер министрімен жеке кездескен едім, «қарапайым адамдардың базар­лар­да, жол үстінде  сауда жасауына тыйым салу үшін мемлекет кедей­лік­ті еңсеріп, әлеуметтік деңгейдің белгілі бір сатысын бағындыру керек» дегенді айтады. Жабық ғимараттағы сауда орындарында сауда жасауға әркімге рұқсат бере бермейді. Онда тек кәсібі біршама дөңгелеген адамдар ғана сауда жасай алады. Сонда тұрмысы нашар отбасылар қайдан нәпақа табу керек? Базарда отырғандардың көбінің білімі жоғары. Егер оларға басқа жұмыс ұсына алса, мәселе туындамас еді. Қысқасын айтқанда, бұл мәселені дүрліктірмеу үшін базарда сауда жасап отырғандарға басқа жұмыс ұсынылуы керек немесе санитарлық нормаларға сай келетін заманауи сауда орталықтарынан орын берілу керек. Бірақ ондай сауда орталықтарының орынды жалға беру бағасы қарапайым адамдарға қолжетімді болғаны маңызды.


Абылайхан Саматдин, Қазақстанның риэлторлар қауымдас­тығының төрағасы:
– Базар тақырыбында форсмажорлы жағдай туып отыр. Бір жағынан базарлардың заман талаптарына сай болғаны бәріміз үшін жақсы. Тіпті саудагердің өзі де қыс­ты­гүні жылы жерде тұрса жаман ба? Ал далада қалай бол­са, солай сауда жасайтын базар көптеген қолайсыздық ту­ды­рады. Қазір тұтынушылар да көбіне жабық сауда ор­та­лықтарына көп баратын болды. Яғни түбі соған бара­мыз. Алайда оған көшудің де өзіндік жолдары бар. Базар­да отырғандарды бір күнде қуып шығу дұрыс емес. Себебі көп саудагердің тауарлары несиеге алынады. Олар жаңа сау­да орталықтары салынып біткенше жұмыссыз жүретін бол­са несиенің пайызы айнала береді. Мүмкін, билік өкіл­дері банктермен келісімге келіп, дәл сол базарды қай­та жасалуы себебінен жұмыссыз қалған адамдардың не­сие­сінің пайызын тоқтату мәселесін шешсе. Басқа бір жер­ден уақытша базар ашып берсе де болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста