Ұлттық қордың ақшасы бала он сегіз жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл ғана сақталады

Ұлттық қордың ақшасы бала он сегіз жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл ғана сақталады

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қордың инвестициялық табысынан жиналған ақша шотта бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл ғана сақталады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 18 жасқа толған балалардың шотындағы ақшаны доллармен төлеу ұсынылып отырғанын айтты.

"Бала он сегіз жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 5-10 жыл сақталады. Осы аралықта ақша қажет болмаса, оны зейнетақы шотына аудару ұсынылып отыр", - деді Темірбеков сенатта өткен отырыста.

Бұнымен қоса, ол егер 18 жасқа дейінгі бала шетелге көшіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың ақшасын ала алмайтынын жеткізді. Оның қаржысы басқа балалар арасында бөлінеді.

Ал егер азаматтығын өзгертпей, шетелге кетсе, төлем алу құқығы сақталады.

Сондай-ақ, азаматтық заңнамаға сәйкес, жиналған қаражатты мұраға беру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ал бала іс-әрекетке қабілетсіз болса, ата-аналарға, қамқоршыларға заңнамаға сәйкес қаржыны пайдалану құқығы беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста