Ұлттық гидтер институтын қалыптастырмайынша, отандық туризмді дамыта аламыз ба?

Ұлттық гидтер институтын қалыптастырмайынша, отандық туризмді дамыта аламыз ба?

 

Асхат ЕРКІМБАЙ, журналист:

– Гидтің қандай болатыны сұранысқа байланысты. Егер белгілі бір тарихи жерді көргісі келген турист болса, сөзсіз ол тарихты жақсы білетін гидті іздейді. Ал қаланы аралап жүрген туристке сол қалада көп адам біле бермейтін мәліметтермен бөлісетін, қаланың әрбір бұрышына жасырылған құпияны сөйлететін гид қызықты болады деп ойлаймын. Сонымен қатар шетелдік туристер үшін арзан әрі сапалы базарлықтарды да қайдан алуға болатынын айта алатын гид болса, оған деген сенім де зор болмақ. Шетелге шыққанда көбінесе сөзге де шешен әрі шетелдік адамның психологиясын жақсы білетін гидтер кездеседі. Турист үшін гид – сол қаланың келбеті. Күллі қала мен тұрғындары жайлы пікір сол гидтің айтуымен қалыптасады. Сондықтан гид өзінің қаласын, яки таныстырғалы отырған объектісін жақсы көрмейінше жақсы гид бола алмайды деп ойлаймын. Жалпы бүгінгі күннің гиді жан-жақты, талапқа сай болуы керек.

Бейбітқали СМАҒҰЛҰЛЫ, Орталық мемлекеттік мұражай директорының орынбасары:

– Әлбетте, гидтің әмбебап болғаны дұрыс. Өйткені сол гидке қарап шетелдік туристің осы ұлт, осы қала, осы мекен жайлы түсінігі қалыптасады. Белгілі бір мекеменің гиді болған жағдайда оларға арнайы киімдерін кигізеді. Дегенмен гид ұлттық ерекшеліктерді паш ете алатындай, қазақи киім кисе, құба-құп. Сондай-ақ ол гидтің жеке басының қасиеттері де әсер етеді. Неғұрлым күлімдеп қызмет етіп жүрген гид басқаны да өзіне тарта түседі.

Ләззат БАҚЖАНОВА, SKY TRAVEL AGENCY туристік компаниясының менеджері:

– Бүгінгі гид жан-жақты, өзі білуге тиіс нәрселердің бәрін білуі керек. Біз де гидтерімізге осындай талап қоямыз. Шетелден қонақтар келгенде мақтанышымызға айналар жерлеріміздің барлығын дерлік көрсетуге тырысамыз. Осындайда гид келген қонаққа не таңсық екенін де алдын ала білуі тиіс. Мәселен, кейде қары жоқ елден келген қонақтардың қарға таңырқай қарап, тіпті үстіне жағып алып жататын кездері болады. Гид осындайда қонақты таңырқатар нәрселерді тап басып білуі де тиіс. Кейде арнайы экскурсиялар ұйымдастыру арқылы халқымыздың ертеректегі тұрмыс салтын көрсетуге тырысамыз. Мәселен, қоянды қашырып, оны бүркіттің барып төбеден бүруін көрсету арқылы халқымыздың салт-дәстүрінен хабардар етеміз. Мұндай кездері экскурсияны ұйымдастырушы гидтер арнайы қазақи ою-өрнекпен өрнектелген ұлттық киімдер киеді. Мұндай экскурсияларды шетелден келген қонақтар да жоғары бағалап жатады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста