Теміржолдағы апаттардың жиілеп кетуінің себебі неде?

Теміржолдағы апаттардың жиілеп кетуінің себебі неде?


Кәмшат КӘКІШЕВА, «Жолаушылар тасымалы» АҚ БАҚ және сыртқы байланыстармен жұмыс жүргізу бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
– Теміржолдағы төтенше оқиғаларға әдетте табиғи жағдайлар кедергі бо­лады. Мәселен, қыс мезгілінде аяқастынан жел тұрып соққан боран жол­ды бөгейді. Көктемгі уақытта кейбір аймақтардағы жиналған қалың қар еріп, су жи­налады. Осындай жағдайда техникалық ақаулықтарға бай­ла­ныс­ты жүк пойыз­дары рельстен шығып кетіп жатады. Бұл өз кезегінде жо­лау­шылар пойы­зының жолда тұрып қалуына себеп болады. Дей­тұр­ғанмен біздің елде мұндай аяқасты туындайтын жағдайлар өте сирек. Бол­ған күннің өзінде бар­лық ва­гон­дар қосымша қажетті көмір, дизельді отын­мен және ыстық сумен қамтамасыз еті­леді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Тө­тенше жағ­дайлар департаменті біріге отырып жолаушыларға ба­рын­ша кө­мек көр­се­теді. Орын алған оқиғаға бай­ланысты өте жедел түрде арнайы ко­миссия тобы құрылып, жағдайдың себе­бін анықтап, теміржол кө­лігін мүм­кіндігінше тез арада іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жал­пы, қазір теміржол сала­­сында технологиялық дамуға ұмтылу бар. Локо­мо­тив­тер­дің заманға сай жаңа түрлері құрастырыла бастады. Сон­дықтан ке­ле­шек­те теміржолдағы төтен­ше оқиғалар легі толастайтынына сенім арту керек.

Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Естеріңізде болса, өткен жылы Қытайда ірі теміржол апаты болды. Темір­жол апаты 39 адамның қаза табуына және 192 адамның жа­ра­ла­нуы­на алып келді. Соңынан тексере келе, апаттың орын алуына құрал-жаб­дықтардың ескіріп, тозуы әсер еткен деген қорытынды жасалды. Сонда ол елде жүрдек пойыздардың соқтығысуына белгі беруші құрал-жабдықтың кі­нәраты себеп болды. Осы қорытындыға сәйкес, темір­жол­дағы бағ­дар­ша­м­дардың бірі найзағай ұрған соң жасыл түстен кейін қызыл түсті көрсете алмаған. Мұның арты бір жолмен келе жатқан екі пойыз­дың соқ­тығысуына алып келіп, үлкен апат орын алды. Әрине, «жа­ман айтпай, жақ­сы жоқ». Құдай оның бетін әрі қылсын, қазір әлем бойын­ша теміржол апат­тарының жиі­леп тұрғаны рас. Біздің елімізде де пойыз­дардың тоқтап қалуы, рельстен шығып кетуі тәрізді оқиғалар ара-тұра орын алып қалады. Сон­дықтан бұл жерде енжарлыққа бой бермеу керек деп есептеймін. Осы бас­тан теміржол саласындағы қозғалыс қауіп­сіздігін қатаң бақылауға алға­нымыз жөн. Ол үшін, әрине, локо­мо­тив­тердің сапасын, теміржол бағ­дар­шамдарының әлеуе­тін, жалпы, осы сала­дағы сапа менеджментін арттырған абзал.

Нығметжан ЕСЕНҒАРИН, Құрметті теміржолшы:
– Мен бұл салаға қатысты белгілі бір сын айта ал­маймын. Себебі қазіргі теміржол саласында істі ұйым­дастыру, жүргізу бағыттары мүлде жаңаша. Біздің ке­зі­міз­­дегі жұмыс бағыттарымен, ұйымдастыру ісімен са­лыс­тырғанда қазіргі іс жүргізу тәсілдері мүлде бас­қаша. Бүгінде салада жаңашылдық бар. Мұны мойындау керек. Технологиялық жағынан даму басым. Жұмысты жүргізу тәртібінде жаңашылдық көп. Кезінде теміржол са­ласында істі ұйымдастыру жағының маманы бол­ған­дықтан айтарым, қазіргі теміржол саласында тех­но­ло­гиялық жағынан ілгерілеушілік қарқындап тұрған за­манда біз ешқандай төтенше оқиғаларға жол бермеуіміз керек. Бұл ретте мамандардың еңбектеніп, маңдай тер ізденіспен қызмет еткені бізге аса қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста