Табиғи апаттардың алдын алу шараларына немқұрайды қараған жергілікті билік өкілдерін жауапкершілікке тарту қажет пе?

Табиғи апаттардың алдын алу шараларына немқұрайды қараған жергілікті билік өкілдерін жауапкершілікке тарту қажет пе?

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:
– «Апат айтып келмейді» деп жатады. Бірақ кез келген табиғат апаты жайлы алдын ала белгілі болады. Мәселен, сейсмологтар зілзала жайлы болжамдар жасап, тексеру жүргізіп отырады ғой. Сондықтан апаттан құтқару қызметтері мен төтенше жағдайлар мамандары алдын алу шараларын дер кезінде ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Оған біздің елімізде мүмкіншіліктер жетерлік. Алайда арнайы қызметтер өздеріне тиесілі міндетті дұрыс орындамай отыр. Солардың кесірінен халық жапа шегеді. Сондықтан жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылуы тиіс деп есептеймін.

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаттанушы:
– Әрине, табиғат апаты кез келген уақытта болуы мүмкін. Дегенмен жұртшылық соған әзір болуы керек. Ол үшін биліктегілер халықты алдын ала дайындықтан өткізіп, оларды қажетті мәліметпен қамтамасыз етуі тиіс. Төтенше жағдайлар мен құтқару қызметтерінің мамандары тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе оқу ордаларында түсіндіру жұмыстарын өткізсе, апаттан аман қалуға септігі тиеді деп ойлаймын. Ал ондай жұмыстар біздің елімізде тиісті деңгейде атқарылып жатқан жоқ. Республика өңірлеріндегі түрлі оқу-жаттығу шаралары кезекті есеп беру үшін ғана өткізіледі. Олар қарапайым халықты апаттық жағдайда өзін қалай ұстауға үйрете алмайды. Нақты жұмыстар жоқ. Алда-жалда елді мекендер табиғат апатынан қатты зиян шегетін болса, халықты алдын ала дайындықтан өткізбегені үшін тиісті тұлғалар жазасын алуы керек.

Ғарифолла ЕСІМ, сенатор:
– Біріншіден, біз ғылым мен техника дамыған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан кез келген табиғат апатының 90 пайызын алдын ала болжап білуге болады. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Екіншіден,  соған сай дайындық жасау керек. Табиғат апаты бола қалған жағдайда адам өзін қалай ұстау керек, қандай амалдар қолдану керек? Жауапты мекемелер осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Бірақ соңғысына менің күмәнім бар. Тосыннан келетін қауіп-қатерге біздің дайындығымыз тым әлсіз. Табиғат апатынан келетін зардаптарға тек жергілікті әкімшілік емес, жекелеген адамдар да кінәлі дер едім. Мәселен, қазір қаншама құрылыстар жүріп жатыр. Солардың қандай материалдан салынып жатқанын, сапасын ешкім бақыламайды. Әркім қалауынша салып жатыр. Адамдар қауіп-қатерді ескермейді. Ертең бір жағдай бола қалса, қаншама халық жапа шегеді. Оған табиғатты кінәлай алмаймыз ғой. Әрине, мұндай жағдайдың орын алуына арнайы мекемелер мен институттардың өзіне тиесілі міндетін дұрыс орындамағандығы себеп болады. Сондықтан жергілікті әкімшілік пен тиісті органдар міндетті түрде жауап беруі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста