Шындық детекторын енгізу арқылы коррупцияға тосқауыл қоя аламыз ба?

Шындық детекторын енгізу арқылы коррупцияға тосқауыл қоя аламыз ба?


Сергей АЛЕСКОВСКИЙ, Алматы полиграфолог­тар қауымдастығы кеңесінің төрағасы, заң ғылымының кандидаты:
– Қылмыспен күресте жаңа заманның техноло­гия­ларын пайдаланбаса болмайды. Мен тек шындық детек­торын ғана айтып отырған жоқпын, мысалы, біз көше-көшелерді бейнекамералармен жабдық­тай­тын болсақ, бұл да қылмысқа деген тосқауыл­дар­дың бірі емес пе? Техникалық қабілеті жағынан жан-жақты жетіліп жатқан полиграф құралдары қазір көптеген мемлекеттерде жемқорлықпен күрестің қаруы ретінде пайдаланылып келе жатыр. Литвада осы құралға ғана қатысты арнайы заң бар. Сондай-ақ АҚШ, Канада, Жапония, Батыс Еуропа елдері, тіпті көрші отырған Ресей мен Қырғызстанда да бұл аппарат өз жемісін беріп жатыр. Қырғызстанда мемлекеттік қызметкер осындай сынақтан өтуге міндетті болып саналады. Кейбір мемлекеттерде осын­дай құралдың нәтижесі сот барысында салмақты куәлік ретінде ескеріледі. Қазір еліміздегі көптеген жекеменшік компаниялар жаңа жұмыскерлер қабылдайтын кезде біздің көмегімізге сүйенеді. Бұл бекер емес, себебі қазіргі шындық детекторлары өте дәл көрсеткіштерге қол жеткізе алады. Меніңше, біз түбі осыған келеміз.

Досым СӘТПАЕВ, саясаттанушы:
– Полиграфты міндеттеп, қолданысқа енгізуден біздегі жем­қор­лық тоқтайды дегенге күмәнмен қараймын. Себебі сол де­тектор құрылғыларын шенеуніктер бақылайтын болады ғой. Бірін­шіден, бұл құрылғыдан өтпей қалған жоғары шенді шенеу­ніктердің есімдері баспасөз арқылы халыққа жария етілмейді. Өтпей қалғаны үшін базбіреуді жұмыстан шығарып жібереді деп әсте ойламаймын. Мен кейде былай деп қалжыңдаймын: «Егер шын­дық детекторын міндеттейтін болса, біздің кейбір епті шенеуніктеріміз бірден осындай құрылғы тасымалдайтын жеке фир­маларын ашып жіберіп, әлгі құрылғыларды мемлекетке қым­бат бағамен өткізу арқылы олжаға кенелуі мүмкін». Дегенмен егер шындық детекторы міндеттелетін болса, сол арқылы барлық жо­ғары шенеуніктер сыналатын болса және ең бастысы сол про­цесті бақылау қоғамдық ұйымдар мен халық үшін ашық болса, бұл – бір игі бастама болуы да мүмкін.

Сергей ЗЛОТНИКОВ, Transparency Kazakhstan қоғамық қорының директоры:
– Шындық детекторын қолданысқа енгізу жем­қорлықты жоюға көмектесе алмайды. Поли­граф­ты алдап соғу қиын іс емес қой. Оны қалай айна­лып өту керектігін арнайы үйрететін адамдар да болады. Сондықтан мұны мен популистік ұсыныс деп қабылдаймын. Жемқорлықты азайту үшін нақты шаралар жасау керек. Мысалы, пара ұсынудың мүмкіндіктерін түпкілікті жою керек, көлеңкелі экономикамен күресу керек. Ал шын­дық детекторын қылмыстарды әшкерелеуші маман­дар өз қажеттілігіне қолдана жатар, бірақ оны жаппай қолданысқа енгізу ешбір артықшылық әкел­мейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста