Су шаруашылығы агенттігін құру мәселесіне дабыл қағатын уақыт жеткен жоқ па?

Су шаруашылығы агенттігін құру мәселесіне дабыл қағатын уақыт жеткен жоқ па?

 

Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:

– 2009 жылы «Стратегиялық салалар мен объектілер туралы» ҚР Заңында су шаруашылығы стратегиялық сала ретінде көрсетілді. Демек, бұл мәселенің маңызын біздің билік жақсы түсініп отыр. Депутат Айтаханов мырзаның мәліметінше, судың 60 пайызын ауыл шаруашылығы, ал 40 пайызын қалған басқа сала пайдаланады. Осы жағынан алғанда, қазіргідей Су ресурстары комитетін ауыл шаруашылығы саласына бағындырып қойған дұрыс емес. Еліміздегі суға қатысты мәселелердің бәрін реттеуші орган тәуелсіз, дербес болуы тиіс. Бұл – біріншіден. Екіншіден, ауыл шаруашылығына қатысы жоқ су мәселелері бар. Мәселен, трансшекарааралық аймақтық сулар. Орталық Азия бойынша қырғыздан шығатын суды бөлісу мен таратып алуда жылда Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан арасында дау-дамай туындап жатады. Үшіншіден, Су қорлары комитетінің мәліметінше, бізде су шаруашылығы бойынша 442 объекті бар. Оның 66-сы мемлекет меншігінде, 157-сі коммуналды меншікте, 142-сі жекеменшіктің қолында, 77-сі иесіз жатқандар. Міне, осындағы иесіз жатқандардың республикалық болмасын, жергілікті маңызы бар. Сондықтан оны реттеп, қадағалап отыратын бір орган керек.

Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:

– Иә, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанында арнайы комитет бар. Бірақ оның функциясы шектеулі әрі оған республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді. Ал көптеген су шаруашылығы жергілікті әкімшіліктің қарауында. Дегенмен олар онымен айналысуға құлқы жоқ. Өйткені оларда басы артық ақша жоқ. Ал жекеменшіктер балық өсіреді, суды сатады, ойына келгенін жасайды. Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығына бөлінетін су бағасы 400 пайызға дейін өскен. Су тарифтері әрқилы. Оны бақылап, реттеп жатқан ешкім жоқ. Соның салдарынан Қызылағаштағы қайғылы жағдай орын алды.Трансшекарааралық өзендер бойынша қордаланған мәселе көп. Егер арнайы ведомство құрылса, олар бірнеше бағытта департамент ашар еді. Түптеп келгенде, арнайы агенттік құра отырып, экономика, экология, ауыл шаруашылығы мәселесін шешумен қатар, арзан электр энергиясын өндіруге де қол жеткізер едік. Қазір еліміз бірқатар гидроэлектр стансы салу бойынша алдына міндеттер қойып отыр. Сол секілді елімізде өзендер мен көлдер бар. Сондағы суды егістік алқаптарға жеткізетін арналар салса, бұл мемлекеттің ауылға деген үлкен көмегі болар еді.

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Кез келген агенттік немесе бір ведомоствоны құру үшін арнайы мониторинг керек. Сарапшылардың талдамасы қажет. Соған қарап, қорытынды жасауға болады. Бұл арада мәселе – іс-қимылдың нәтижесінде. Мысалы, бізде су ресурстары бойынша арнайы комитет бар. Ол қалай жұмыс істеп жатыр? Алдына қойған мақсат пен міндеттерді игере алып жатыр ма? Мәселені шеше алмаса, кінә кімнен? Басшыдан ба, әлде комитеттің құзырының шектеулігінен бе, оған да қарау керек. Ол үшін кем дегенде осындай комитеттің жұмыс істеуіне он жылдай уақыт беру қажет. Жалпы, қоғам, мамандар бұл ұсынысты қолдап жатса, әрине, ондай мекемені құру керек. Ал өз басым, мәселені шешпейтін, шенеуніктердің қатарын көбейтетін қандай да бір ведомстваны құруға қарсымын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста