Студенттердің жатақхана мәселесін қалай шешуге болады?

Студенттердің жатақхана мәселесін қалай шешуге болады?


Рахман АЛШАНОВ, ҚР ЖОО қауымдастығының президенті:
– Әрине, студенттерді жатақханамен толық қам­та­­масыз ету – өте күрделі мәселе. Оны шешу үшін мем­­­лекет та­ра­пынан қолдау болмаса, ЖОО-лардың өзді­гімен жатақхана салуға шамасы жетіңкіремейді. Оған қаражат тапшылық етеді. Сондықтан Елбасы тап­сырма беріп, Білім және ғылым министрлігі «Студенттік бас­пана» бағ­дарламасын қолға алып отыр. Осы жо­ба­ның аясында жаңа жатақханалар са­лы­натын бо­ла­ды, сондай-ақ қолданыстағы жатақ­ха­на­ларға қайта жа­ңар­ту және күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізіледі. Білім министрінің айтуынша, алдағы төрт жылда 32 жа­тақ­хана салынып, 54 жатақхана жөндеуден өт­кі­зі­ле­ді екен. Оны­мен қоса, Алматы мен Астана қа­ла­ла­рында үлкен сту­денттік қалашықтар салу жоспарланып отыр. Егер мем­­ле­кет пен ЖОО-лар осылайша бірігіп жұ­мыс ат­қаратын бол­са, онда бұл мәселе алдағы уа­қытта өз шешімін табатын бо­лады.

Серік ПІРӘЛИЕВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор:
– Әр жоғары оқу орнының материалдық-тех­ни­калық ба­засы әртүрлі. Кейбір ЖОО-ларда студенттерге жатақхана же­тіспейтіні шындық. Алайда осы мәселені шешу үшін елі­мізде үлкен мемлекеттік бағдарлама қол­ға алынып отыр. Мемлекеттік деңгейдегі ЖОО-лар­ға жаңа жылдан бастап жа­тақхана салу үшін қы­руар қаражат бөлінуде. Мәселен, келесі жылдан бас­тап, біздің университетке үш жатақхана са­лынайын деп отыр. Онда 2 мыңға жуық студент қам­ты­ла­тын бо­лады. Қазақстанда мұндай жаппай студенттік бас­па­­на салу ешқашан болған емес. Оның үстіне сту­дент­тік бас­па­налардың басым бөлігі Астана мен Алматы қа­л­а­ла­рында бой көтеретін болды. ЖОО-лар­да жа­тақ­хана мә­се­лесі өткір күйде тұрғанда, мұны шешуге мем­ле­кеттің ат­са­лыс­қаны – өте құптарлық-ақ дү­ние. Ал­дағы уа­қытта сту­дент­тер жатақхана мә­се­ле­сіне алаң­дамай, то­лық білім алуына мүмкіндік туып отыр.

Ұзаққали ЕЛЕУБАЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Қазір елімізде не көп, ЖОО-лар көп. Санамалайтын болсақ, біздегі 168 ЖОО-ның 80 пайызы жекеменшіктің қолында. Әрине, жеке университеттердің басшыларына қо­сымша жатақханалар салу тиімсіз. Оларға тек студенттердің қаржысын алып, дипломын беріп отырса болды. Студенттердің алаңсыз білім алуына жеке оқу орындары жағдай жа­сай алмайды. Сол үшін мемлекет кадр дайындауды жекеге емес, өз қолына алуы тиіс. Оны­мен қоса, құзырлы министрлік жеке ЖОО-лардың жұмыс істеуіне лицензия, сер­ти­фи­кат беретін кезде, алдымен оның материалдық-техникалық базасын толық тексеріп шы­ғуы керек. Тіпті жекеменшік ЖОО-ларға студенттердің жағдайын жасауы үшін оларды толық жатақханамен қамтамасыз етуді талап етуіміз қажет. Көбіне осындай ЖОО-лар жатақхана мәселесін туындатып отыр. Ал мемлекеттің қарауындағы ЖОО-лар­ға келетін бол­сақ, оларда жатақхана жеткілікті-ақ, алайда кейбір ректорлар студенттік бас­панаға уни­верситеттің оқытушыларын, тағы басқа тамыр-таныстарын кіргізіп, бұл мә­селені ушық­тырып отырған секілді. Сондықтан студенттік жатақханаларға ішкі ба­қы­лауды кү­шей­тіп, тек студенттердің ғана орналасуын қадағалауымыз қажет. Егер жа­тақ­хана мә­се­ле­сіне қатысты заңдық қолдау керек болатын болса, онда біз әрқашан көмектесуге әзірміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста