Ресейде оқып жатқан қазақ жастарының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?

Ресейде оқып жатқан қазақ жастарының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?


Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, филология ғылымының докторы, профессор:
– Соңғы жылдары Ресейде білім алып жатқан қазақ жастарының қауіпсіздігі қыл үстінде тұрғаны рас. Күні кеше ғана тағы бір қанды оқиға орын алды. Алайда бұл жолы біз әдеттегідей үнсіз қалдық. Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам. Сондықтан да азаматтардың қауіпсіздігі басты мәселе болуға тиіс. Ресей ғана емес, жалпы шетелдерде білім жетілдіріп жүрген жастарымыздың қауіпсіздігіне бірінші кезекте біз алаңдауымыз қажет. Бүгінде Қазақстанда мыңдаған шетелдік студент бар. Солардың бәрі бізде алаңсыз оқып, білім алуда. Осы тұрғыдан келгенде, біздің ресми органдар Ресей тарапына да тиісті міндеттемелер жүктеуге құқылы. Бұған қоса біз өзге мемлекеттерде қазақ қоғамы туралы жағымды пиар шараларды жүйелі түрде өткізіп тұруымыз қажет. Қалай десек те, қазақ жастарының көрші әрі дос мемлекет деп жүрген Ресейде өлім құшып, соққыға жығылу оқиғаларының жиілеп кетуі екі елді де алаңдатуға тиіс.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
– Жалпы, шетелдерде оқып жүрген қазақ жастарына қатысты түрлі жағдайларда негізінен еліміздің Білім министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдіруге тиісті. Әлемдік тәжірибе бойынша, өзге мемлекетте жүрген белгілі бір елдің азаматтарының өміріне қауіп төнген жағдайларда, оларды отанына қайтару, тіпті уақытша болса да, сол мемлекетке жібермеу сияқты шешімдер қабылданып, нақты шаралар жүзеге асырылады. Мысалы, орыс ұлтшылдығының кесірінен бүгінгі көршілес Ресейде қазақ жастарының ажалға тап болып, соққыға жығылу фактілері жиі тіркеле бастады. Бірақ осы уақытқа дейін Қазақстан тарапы сондай жайттарға назар аударып, Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне арнайы нота тапсырған емес. Біз Ресеймен қанша серіктес, әріптес ел болсақ та, мұндай мәселелерде нақты саяси қадамдар жасамай болмайды.

Жәди ШӘКЕН, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары:
– Әрбір мемлекет бірінші кезекте өздеріне келіп-кететін шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі шарт. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде өзіміздің қазақтың ұл-қыздары оқып жатыр. АҚШ пен Батыста, Қытайда білім алып жатқан жастарымыз қаншама! Солардың бәрі дін аман жүр. Алайда кейбір елдерде сырттан келгендерге немқұрайды қарау жағы басым. Мысалы, соңғы жылдар бедерінде іргеміздегі Ресейдің ұлтшыл, шовинист жастарының қолынан қазақ студенттері жапа шегіп келеді. Бұл жағдайларға қатардағы қайғылы оқиғалардың бірі деп қарауға болмайды. Осы орайда ресми Қазақстан тиісті дәрежеде сұрау салып, қатаң шаралар қолдануы қажет. Қазақ айтады: «Бұға берсең, сұға береді».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста