Құқықтық мемлекетті дамытуда бұқараның рөлін арттырудың қандай жолдарын ұсынасыз?

Құқықтық мемлекетті дамытуда бұқараның рөлін арттырудың қандай жолдарын ұсынасыз?


Рамазан САРПЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
–Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – уақыт та­лабы. Елбасы мұны тегіннен-тегін айтып отырған жоқ. Өзі­нің жеке мүддесін қорғауы үшін, өмірге деген көз­қа­расының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әркім қол­даныстағы заңдардан хабардар болуы тиіс. Құқықтық сауаттылық әркімге әп дегеннен орныға салмайды. Ол үшін ең бірінші ынта керек. Бұл ретте жұртшылықты пар­таға отырғызып қойып, құқық сабағынан дәріс берудің қа­жеті жоқ шығар, алайда заңгерлік қызмет көрсететін орта­лықтар, жергілікті билік, Әділет басқармасының ма­ман­дары, құқық қорғау саласының қызметкерлері ха­лыққа осы тараптан көмектесіп, құқықтық сауаттылықты арттыру төңірегінде кездесулер, конференциялар ұйым­дастыруы тиіс. Сонда ғана біз құқықтық мемлекетті да­мытуда бұқараның рөлін арттыра алатын боламыз. Халық әркімнің алдына жалынышты болып бара бермей, заңға сүйенетін дәрежеге жетуі керек.


Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер, «Әділет» демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
–Бұл ретте заң органдары мен БАҚ құралдары бірлесіп жұмыс жасауы қажет. Газет-журнал, теледидарларда құқықтық сауат­тылықты арттыру төңірегінде заң саласы мамандарының пікірі жиі жариялануы тиіс. Бұл төңіректе жан-жақты үгіт-наихат жұ­мыс­тарын жүргізбей, нәтижеге қол жеткізу қиын. Елбасы қос па­лата де­путаттарымен кездескенде қоғамдық тәртіп бұзушылықпен кү­ресті төменнен бастауға шақырды. Шынында да, кішігірім бұза­қы­лықты, тәртіпсіздікті анықтай отырып, оны жазалау, соған ба­рын­ша мән беру зор қылмыстардың қатарын азайтады. Бұл әлем­дік тәжірибеде солай. Сондықтан қоғамдық тәртіпсіздікті бұзғандар жазалануы тиіс. Сондай-ақ ол БАҚ құралдарында жа­рия­ланғаны жөн. Себебі қоқыс лақтырған адам ұсталмаса, жа­за­ланбаса, қоғам ешқашан тәртіп бұзуын тоқтатпайды. Жа­залау тәжірибесі қалыптасуы қажет. Шынында да, бізде халықтың құ­қықтық мәдениеті төмендеу. Сондықтан ол үшін құқықтық сауаттылықты арттыру жөнінде үгіт-наси­хат жұмыстарын көптеп жүргізіп, жауапкершілікті арттыр­ға­нымыз жөн.


Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаткер:
–Біз бұрын бұзақылықты, тәртіпсіздікті, жалпы заңсыздықты ағайын-туыс, ауыл ақсақалдары арқылы шешуші едік. Қазір сот арқылы шешетін бол­дық. Демек, өмірдің өзі халықтың құқықтық сауатын көтеруге алып ке­ліп отыр. Яғни қажеттіліктен туындауда. Кезінде мен АҚШ-та көршінің, аға­йынның бір-бірімен соттасқанын көріп таңғалушы едім, қазір біз де со­ған келдік. Бұл ретте біз ең бірінші, Ата Заңды халыққа жан-жақты түсін­діруіміз керек. Қазір көпшілік Конституцияның қай жылы қабылданғанын білмейді. Ондағы ережелерден бейхабар. Осының салдарынан кей жағдайларда басшының сөзі, әкімдердің бұйрықтары Конституцияның заңынан жоғары тұрады. Кейде «Ата Заңда былай деп жазылған, бұл мәселе осылай шешілу керек қой» десең, кейбіреулер «жоқ, әкімнің осындай шешімі бар, бастықтың былай деген бұйрығы бар» деп шыға келеді. Сондықтан Ата Заңды халыққа жан-жақты насихат­тауымыз керек. Одан ешқандай бұйрық, шешім жоғары болмауы тиіс. Егер Конституцияға қайшы әрекет жасалды ма, онда қатаң жаза қолдан­ға­нымыз жөн. Өйткені қатаң жаза қолданылмай, алға жылжу болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста